Қытайдың Нанкин қаласында сенбіде басталатын ІІ жасөспірімдер олимпиадасына Қазақстаннан 51 спортшы қатысады. Нанкиндегі Азаттық тілшісі олармен кездесіп, жоспарларын білді.
АҚШ-тағы қазақ боксшысы Қанат Ислам кәсіпқой рингтегі он сегізінші кездесуінде де жеңіске жетті. Проумоутері бұл жекпе-жектің Қанат Исламға қиын болмағанын айтады.
Қостанайдың «Тобыл» футбол командасында ойнаған македониялық Никола Тонев құжат мәселесіне қатысты айыпталып, Қазақстанда футбол ойнаудан шеттетілді.
Қазақстанда бірнеше футбол клубы қаржы тапшылығы кесірінен жабылып қалды. Сарапшылар клубтардың тағдыры әкімдікке тәуелді екенін айтады.
Алматылықтар велосипедті сатып алғаннан гөрі жалдағанды жөн көреді. Бірақ тұрғындар қалада бұл көлікке керек инфрақұрылым жоқтығын айтып шағымданады.
Футболдан әлем біріншілігі аяқталысымен жұрт назары 2018 жылы келесі чемпионат өтетін Ресейге ауды. «Ресей бұған қанша ақша жұмсайды?» деген сауалды қазірден қойып жатыр.
Финалда Аргентина құрамасын ұтқан Германия командасы футбол тарихында осымен төртінші мәрте әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
2017 жылғы қысқы универсиаданы өткізу құқығына ие Алматы 2022 жылғы қысқы олимпиададан да үміткер. Бірақ 2011 жылы өткен Азиаданың қаржы дауы әлі толастаған жоқ.
Футболдан әлем чемпионатының жартылай финалында Бразилия Германиядан 1:7 есебімен ұтылды. Спорт шолушылары мұны сенсацияға балайды.
ХОК Алматы, Осло және Пекинді 2022 жылғы қысқы олимпиада ойындарын өткізуге кандидат ретінде ресми түрде тіркеді. Сарапшылар Алматының жеңілеріне, қала әкімдігі жеңеріне сенеді.
Үлкен шлем жарыстарының 1/8 финалына шыққан алғашқы қазақ теннисшісі биылғы Уимблдон турнирінде ерекше көзге түсті. Азаттық жас спортшы қыз туралы ақпарат ұсынады.
Қазақша күрес турнирінің Қазақстандағы шетелдік тележобалардан асып түскен алғашқы жергілікті шоуға айналар түрі бар. Ұйымдастырушылар жобаны биыл 20 миллион телекөрермен тамашалағанын айтады.
Тағы