Қазақстан футбол федерациясы президентін «мүдделер қайшылығына» қатысты айыптаған Айсұлтан Назарбаев ҚФФ басшысы сайлауын ерте өткізуді талап етеді. ҚФФ бұл айыпты терістейді.
Нью-Йорктегі жекпе-жекте канадалық Давид Лемьені жеңген қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин қатарынан 21-кездесуді нокаутпен ұтып, жаңа әлемдік рекорд орнатты.
Дохада (Катар) бокстан әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан екі күміс медальмен жалпы есепте 8-орын алды. Сарапшылар бұл нәтижені «сәтсіздік» деп бағалады.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, биылғы маусымда бірнеше халықаралық жарыстың жүлдесін алған Элизабет Тұрсынбаева Азаттыққа жоспарларын айтты.
ҚФФ Айсұлтан Назарбаевтың ұйымды басқару жайлы ұсынысына пікір білдірмеді. Футбол федерациясын кезінде оның әкесі Рахат Әлиев басқарған. Ал атасы Нұрсұлтан Назарбаев - ҚФФ құрметті президенті.
УЕФА ЧЛ-дегі қарсыластары анықталған "Астананы" әйгілі турнирге жолдама алған алғашқы қазақстандық футбол клубы ретінде не сын күтіп тұр? Азаттықтың сарапшымен сұхбатын оқыңыздар.
Футболдан «Астана» командасы Қазақстан клубтары арасынан бірінші болып УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты.
Астанада дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні қазақстандық палуандар бір алтын, бір күміс медальге ие болды.
ХОК мүшелері 2022 жылғы қысқы олимпиада ойындарын өткізуге Пекин қаласын лайықты деп тапты. Қытай астанасы жазғы және қысқы олимпиаданы қатар өткізген алғашқы қала болмақ.
Қазақстан премьер-министрі Халықаралық олимпиада комитетін 2022 жылғы қысқы олимпиаданы өткізу құқығын Алматыға беруге шақырды.
Халықаралық олимпиада комитеті Алматы мен Пекиннің қайсысы 2022 жылғы қысқы олимпиада өткізу құқығына ие боларын жұма күні жария етпек. Олимпиадаға қатысты қазақстандықтардың пікірі әрқилы.
Кванджу универсиадасында Қазақстан алты алтын және төрт қола иеленді. Жеңіл атлет Виктория Зябкина елге үш алтынмен оралды.
Тағы