Украиналық футболшы Анатолий Тимощук Азаттыққа сұхбатында алматылық «Қайрат» клубын таңдау себебін және Украинаның шығысындағы жағдайдың сол елдегі футболға әсері жайлы айтты.
Лондонда өтіп жатқан Уимблдон теннис турнирі қазақстандық спортшылар үшін табысты болды. Британдық Independent басылымы Қазақстан теннисінің бұлайша дамуы таңқаларлық деп жазады.
Әзербайжанға 10 миллиард долларға түскен Еуропа ойындары орта тұсына келді. Баку үздіктер қатарына ену үшін 90-ға жуық спортшыны сырттан алдырған.
Әзербайжанда ондаған оппозиция белсендісі мен тәуелсіз журналист түрмеде отырғандықтан, 2015 жылдың Еуропа ойындарын Бакуде өткізуге қарсылық білдіріп, бас көтеретін адам да қалмаған.
Жұма күні Алматыда Қазақстан құрамасы 2016 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының кезекті іріктеу матчын Түркиямен ойнайды. Жергілікті сарапшылар Азаттыққа болжамдарын айтты.
Париждегі қазақтардың футбол командасы Қазақстанда жолдастық кездесулер өткізіп жатыр. Парижде тұратын қазақ жастары "мұндай кездесу отанымызды тануға, қазақ тілін үйренуге септеседі" дейді.
Мамырдың 29-ы күні өтетін ФИФА президенті сайлауына екі күн қалғанда осы ұйымның тоғыз шенеунігі және төрт спорт менеджері «коррупцияға қатысы бар» деген айыппен Цюрих қаласында тұтқындалды.
Бокстан Атланта олимпиадасының қола жүлдегері Болат Ниязымбетов бір айдан бері Ирак бокс құрамасын жаттықтырып жүр. Ол Азаттыққа Ирактағы қызметі және алғашқы әсерлері туралы айтты.
Чехияда өткен хоккейден әлем чемпионатының финалында Канада Ресейді 6:1 есебімен ойсырата жеңіп, алтын жүлдегер атанды.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин бүгінгі 33-кездесуін де нокаутпен жеңді.
Хоккейден Чехияда өтіп жатқан әлем чемпионатының тартысты жартылай финалдарында Ресей АҚШ-тан, Канада айдын иелерінен үстем түсті.
Қытайдан Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданына қоныс аударған жас палуан Қайрат Тұрсынжанұлы «Болашақта Қазақстан атынан әлемдік додаларға қатыссам» деп армандайды.
Тағы