Қазақстан мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «оқушыларды Бразилиядағы футбол академиясына жіберу нәтиже бермегенін» мәлімдеді. Мемлекет бір баланың оқуына 78 мың доллар шығындаған.
Футзалдан Қазақстан құрама командасы Колумбияда биыл өтетін әлем чемпионатына (ӘЧ) жолдама алды. Команда ӘЧ-ге екінші рет барады.
25 жастағы Қытай қазағы Ерланбек Кәтейұлы еркін күрестен биыл Рио-де-Жанейро олимпиадасына барады. Азаттық тілшісі шетелдегі қазақ балуанымен сұхбаттасқан еді.
Қырымда туып-өскен шахматшы Сергей Карякин шахматтан әлем чемпионы атануға тырысатынын, 2009 жылы отаны Украинадан теріс айналып, Ресейге көшкенін, Путинді қолдайтынын баяндады.
Қазақстандық 25 жастағы кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров WBA тұжырымы бойынша әлемдік рейтингте TOP-15 қатарына енді. 18 кездесуінің бәрінде жеңген спортшы АҚШ-қа не үшін кеткенін де айтты.
2017 жылғы Алматы универсиадасының бюджеті екі есеге жуық азайды. Шығынды қысқарту үшін кейбір жарыс түрлерін алмастыруға тура келген.
Ережесіз жекпе-жектен Қытайда өткен халықаралық жарыс финалына шыққан екі қазақ спортшының бірі Азаттыққа берген сұхбатында қарсыласымен неліктен күш сынаспағанын түсіндірді.
Азаттықтың Facebook-тегі парағында жариялаған «Әлеумет тілшісі» байқауы аяқталды. Оқырмандар ел арасынан шыққан тілшілер жіберген 21 сюжеттің арасынан 1 видеоны үздік деп таныды.
Қазақстан футбол құрамасы наурыздың 26-сы күні 2016 жылғы алғашқы жолдастық матчын өткізбек. Бірақ командаға әлі бас жаттықтырушы тағайындалмады.
Қазақстан велошоссе құрамасы Рио олимпиадасына екі жолдама иеленді. Ал велотрек құрамасы жолдамаға таласып жатыр.
Моңғолияда тұратын 17 жасар боксшы Нұржамила Батырбекқызы биыл ол елдегі жасөспірімдер біріншілігінде жеңімпаз атанды.
Норвегияның Лиллехамер қаласында басталған жасөспірімдер арасындағы 2-қысқы олимпиадаға Қазақстаннан 20 спортшы қатысып жатыр. Сарапшылар Қазақстан «алғашқы алтынын алуы мүмкін» дейді.
Тағы