Биатлоннан қазақстандық Алина Райкова Алматыда өтіп жатқан қысқы универсиада чемпионы атанды. Қазақстан фристайлшылары командалық жарыста топ жарды.
Алматыда басталған қысқы универсиаданың бірінші күні Қазақстан бір күміс, екі қола алды. Жанкүйерлер бірінші күні Қазақстан спортшыларынан алтын күткен.
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов халықаралық дзюдо федерациясы рейтингінде 60 килограмм салмақ дәрежесі бойынша бірінші орынға шықты.
Алматыда Қазақстан спорты тарихына арналған екі көрме араға күн салып ашылмақ. Көрмелердің бірінде әйгілі ақын Жамбылдың спорт төрешісі болғаны туралы да мәлімет бар.
Алматы қаласы билігі дүниежүзілік 28-ші қысқы универсиада кезінде "ескі көліктердің" кіруін шектеуге дейінгі шұғыл шараларға қамданып жатыр. Былтыр Рио-де-Жанейродағы жазғы олимпиада кезінде мұндай шектеу болмаған.
Қазақстандық Абзал Әжғалиев пен Нұрберген Жұмағазиев биылғы қысқы спорттық маусымда конькимен қысқа қашықтыққа жүгіруден әлем кубогы алтынын алды. Спортшылар Азаттыққа берген сұхбаттарында ендігі жоспарларын да айтты.
Бапкерлер Қазақстанда мұз айдындары аз екенін айтады. Ал спортшылар мықты нәтижеге жету үшін шетел айдындарында жаттығады.
AzattyqLIVE хабарында Алматы Универсиадасы дирекциясы директорының орынбасары Дидар Сағадиев қаңтардың соңында басталатын студенттердің дүниежүзілік қысқы ойындарына дайындық туралы сауалдарға жауап берді.
Оңтүстік Америкада басталған «Дакар» көп күндік жарысына қатысушылар арасында қазақстандық Astana Motorsports командасынан екі экипаж бар.
2016 жылы Қазақстан ең көп олимпиада медалін иеленіп, допинг кесірінен сегіз олимпиада жүлдесінен айырылды. Футбол төңірегі де дау-дамайдан арылмады.
Қазақстанда 2016 жылы 71 спортшының допинг пайдаланғаны әшкереленген. Бұл былтырғымен салыстырғанда үш есе көп. Допингке қарсы ұлттық орталық мамандары келер жылдан бастап талап күшейетінін айтады.
Самат Смақов 1990 жылдардағы қазақстандық футболдың ерекшелігі туралы, 2000 жылдары дауға ұрынғаны жайлы айтты.
Тағы