Бір топ Англия футболшысы бала кездерінде жаттықтырушыларынан зорлық көргендерін айтқан соң ата-аналар "футбол мектептерінде бала оқыту қауіпті ме?" деген сұрақ қоя бастады. Ал Қазақстан мектептеріндегі сексуалдық зорлыққа қатысты мамандар пікірі әр түрлі.
Боксшы Василий Жиров суық спортзалда өткізген жаттығулары, дәнекерлеуші болып жұмыс істегені және 1990 жылдары «отырып шыққандар», «іскерлер» және «спортшылар» деп бөлінген туған қаласы Балқаш жайлы әңгімелеп берді.
Қазақстан атынан жарыстарға қатысып жүрген, бес жыл бұрын Ресейден қоныс аударған теннисші Юлия Путинцева әлемдік рейтингте бірінші орынға шығуды және олимпиада медалін алуды мақсат тұтады.
Оқырмандар сауалдарына AzattyqLIVE студиясының қонағы, Республикалық спорт колледжінің директоры Амалбек Тшан жауап берді.
Қазақстандық ауыр атлеттер Чиншанло, Манеза және Подобедова Лондон олимпиадасы алтындарын қайтаратын болды. Ильинге қатысты шешім әлі шыққан жоқ. Қазақстан олимпиада комитеті «адал спорт» саясатын қолдап, ХОК шешімдерімен келісетінін мәлімдеді.
Лондон мен Риода олимпиада алтыны мен қоласын иеленген қазақстандық атлет Ольга Рыпаковаға арада сегіз жыл өткенде Пекин олимпиадасының жүлдесі де берілмек. Спортшының ендігі мақсаты 2020 жылы Токиода өтетін олимпиадаға қатысу.
Ақтөбеде өткен Қазақстан мен Англия жастар құрамалары арасындағы футбол матчынан Азаттық репортажы.
Риодағы паралимпиадада пауэрлифтингтен күміс жүлде алған 50 жастағы Раушан Қойшыбаева - үш қыздың анасы. Ол Азаттық тілшісіне тағдыры жайында, спорттағы жолы туралы әңгімелеп берді.
Паралимпиада чемпионы 50 жастағы Зүлфия Ғабидуллина Азаттыққа берген сұхбатында тағдырын өзгерткен жол апаты туралы, жеке өмірі һәм арманы жайлы әңгімеледі.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 29 қазанда Алматыда ганалық Патрик Аллотеймен рингке шығады.
Шымкенттегі №69 жалпы орта мектеп оқушыларының дене шынықтыру пәнін толық бағдарламасымен оқуға мүмкіндіктері жоқ. Қалалық білім бөлімі «Шымкенттегі тоғыз мектепте спортзал жоқ» деген уәж айтады.
Тағы