Қазақстан мәжілісі допинг қолданғандарға жазаны күшейтетін заң жобасын мақұлдап, сенатқа жолдады. Депутаттар заң жобасын талқылап жатқан сәтте допинг дауына ілініп, олимпиада алтынын қайтарған Қазақстанның екі атлеті Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло Таиландтағы әлем чемпионатына аттанды.
Мәнерлеп сырғанаудан Сайтамада (Жапония) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева әйелдер арасындағы жарыста күміс медаль алды.
Қазақстандық боксшылар не үшін жаппай кәсіпқой боксқа кетіп жатыр?
Халықаралық жарыстарда жүлде алып жүрген қазақстандық 31 жастағы шаңғышы Алексей Полтаранин допинг дауына ілінді. Австрия полициясы Полторанин допинг ережесін бұзды деп күдіктенеді.
20 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы атағын иеленді.
Кениялық бірнеше атлет Қазақстан азаматтығын алған. Олар енді осы ел атынан халықаралық жарыстарға қатысуды жоспарлайды.
Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Канадада өтіп жатқан әлем чемпионатына (20 жасқа дейінгі спортшылар) қатысып жатыр. Қаңтардың 4-і күні Қазақстан Дания құрамасымен ойнайды. Өз топтарында соңғы орын алған екі аутсайдер әлем чемпионатының элитасында қалатын команданы анықтайды.
Алматыда спортшы Денис Теннің өліміне қатысты алдын-ала сот тыңдауы басталды. Спортшы өліміне қатысты үш адам күдікке ілінген. Алғашқы сот тыңдауында Денис Теннің ата-аналарының адвокаты қылмыстың "тапсырыспен жасалғанын" айтып, істі қайта қарауға жіберуді сұрады. Қорғау тарабы бұл өтінішті қолдамад
Қазақстан ауыр атлетика құрамасы Ашғабаттағы (Түркіменстан) әлем чемпионатында бір күміс, бір қола медаль иеленді. Екі жүлдегер де – басқа елден келген легионер.
Мәскеуде өткен AIBA (Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы) конгресінде ұйымның жаңа президенті сайланды.
Түркіменстан астанасы Ашхабадта ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталды. Допинг дауынан кейін бір жыл барлық жарыстан шеттетілген Қазақстан, Қытай, Солтүстік Корея, Ресей құрамасының жазасы аяқталып, әлем біріншілігіне қатысады.
Олимпиада боксының болашағы Орталық Азиядағы бокс басшыларының арасындағы “жекпе-жектің нәтижесіне” тәуелді болып тұр.
Тағы