«Россия 1» телеарнасы көрсеткен репортажда «ресейліктерге аттестат сатады» деп сипатталған ақтөбелік жеке меншік мектепті прокуратура тексере бастады. Мұғалімдер айыпты жоққа шығарады.
Кәсіпкерлер мен сарапшылар мемлекеттік сатып алу саласындағы жемқорлықты азайту жолдарына қатысты түрлі ұсыныс айтады.
Айқай-шуға ұласқан бұл айтыстың үзіндісін Азаттық бұған дейін берген. "Мейірбек жеңді" деген қазыларға қарсы жұрт дүрлігіп, ақыры «екі ақын тең» деп жарияланған еді. Бұл - сол айтыстың толық нұсқасы.
Алматыда «Қазақстан-Қытай шекарасында контрабандалық тауар өткізу желісін ұйымдастырып, кәсіпкерлерден ақша жинаған» деп айыпталғандардың алдын ала сот тыңдауы басталды. 45 айыпталушының арасында ҰҚК мен кеден қызметкерлері бар.
Сәуірде Оңтүстік Қазақстанда мектеп директоры «мұғалімдерден ақша жинады» деген күдікке ілінгені хабарланды. Ұстаздар заңсыз ақша жинау үрдіске айналғанын айтады.
Мемлекеттік орган басшыларының блогтары шағым жәшіктеріне ұқсап кеткенін оларды қадағалайтын қызметкерлер де мойындайды. Шағым иелеріне жауап кеш беріледі, немесе мүлде жауапсыз қалады.
Журналист Тоқберген Әбиевтен оны іздеуге жұмсалған шығынның орнын толтыру үшін 100 доллар өндіру жөнінде талап-арыз түсті. Жауап беруші бұл талаппен келіспейді.
Халықаралық ұйымдардың зерттеуіне қарағанда, Қазақстан 2012 жылы бірнеше рейтингіде кері кетіп, бірнеше сала бойынша жоғарылаған.
Мемлекеттік «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынып, өткен жылдың аяғында ашылған жаңа перзентханадағы жағдайды қазіргі кезде жергілікті прокуратура тексеріп жатыр.
Тағы