AzattyqLIVE апатты үйлер мәселесін Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институтының бөлім басшысы Ералы Шоқпаровпен талқылады.
Ресми дерекке қарағанда, Орал қаласында 41 үй апатты жағдайда деп танылған. Билік мұндай үй тұрғындарына мемлекеттік баспана бермейді. Жұртқа тозған үй орнына жеке құрылыс компанияларымен жаңа үй салу туралы келісім жасасуды ұсынады.
Қарағанды облысындағы Мұстафин кентінде 12 отбасы су басып, сүрілген үйлерінің орнына өзге баспана да, ақшалай өтемақы да алмаған. Билік «қорда ақша жоқ» деген уәжбен күте тұруларын сұрайды.
Астана маңында 300-ге жуық «проблемалық жер телімдері» бар. Солардың бірінің иесі Зифа Жакеева «сатып алған жері заңсыз болып шығады деп ойламағанын» айтады. Ал Бас прокуратура жиынында «жер митингілері себебі – үй салатын 10 сотық жер мәселесі болғаны» айтылды.
Астананың төрт тұрғыны саяжайдағы үйін ескертусіз күреп тастап, жеті сотық жер телімін басып алғаны үшін қала билігінен өтемақы талап етіп жүр. Жерді алу туралы қаулы екі жылдан кейін ғана шыққан.
Былтырғы су тасқынынан кейін Қарағанды облысындағы Сарытөбе шағын ауылында тіршілік біртіндеп қалпына келе бастаған. Кей тұрғындар жаңа үйге қоныстанған, әлгі үйлерде прогрестің нышаны - әжетхана мен жуынатын бөлме бар. Бірақ әлі шешілмеген проблемалар да көп.
«Шаңырақ ісі» бойынша сотталғандардың бірі, түрмеде отырғанына 10 жыл болған Ерғанат Тараншиевтің шартты жазамен ерте босатуды сұрауға болатын мерзімі жатті. Тұтқынның туыстарының айтуынша, жуырда олар Тараншиев мемлекетке «қарыз» екенін естіген.
Қазанның 10-ынан бастап «Тұрғын үй құрылысына үлеспен қатысу туралы» заң күшіне енді. Заң аясында «Бәйтерек» холдингі үлескерлерге тұрғын үй құрылысын аяқтау үшін кепілдік беру жүйесін іске қоспақ. Осы тақырыпты AzattyqLIVE заңгер Жандос Тұяқовпен талқылады.
Қарағанды облысындағы Көкпекті және Рабочий ауылдарының 20-дан аса тұрғыны 2014 жылы Көкпекті бөгеті бұзылғаннан келген зиянның өтемақысын үш жыл бойы өндірте алмай жүр. Облыстық сот өкілдерінің сөзінше, жапа шегушілер енді азаматтық сотқа жүгінуі тиіс.
Шымкентте жарылған кәріз коллекторы маңында бұзыла бастаған үйлердің тұрғындары «өтемақы төленбейтініне» наразы. Жергілікті билік бұзылған үйлердің иелеріне «көмек берілмейтінін» айтады.
Қоғамдық ұйым дерегінше, «Алматыда жастардың 14 пайызының ғана жеке баспанасы бар». Әлеуметтік сауалнамаға жастардың 35 пайызы «баспана мен жұмыс болмағандықтан, отбасын құра алмай жүрмін» деп жауап берген.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Достық ауылы тұрғындары «шекара түбінде күн көру қауіпті әрі қиын», өздерінің «түгел жұмыссыз» екенін айтады. Жергілікті билік өкілі «тұрғындар тұрмысы орташа, оларды көшіруге жер бөлінген» дейді.
Тағы