Маңғыстаудағы оралмандар әкімдік берген үйлердің сапасына наразы болып, құнын төмендетуді талап етті. Аудан әкімдігі қарызын төлемеген адамдарға үйді босату туралы ескерту тарата бастады.
Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында 200-ден астам адам «апат жағдайында» деп танылған жатақханада тұрады. Жергілікті билік «баспана салып береміз» деген уәдемен тұрғындарды шығаруға тырысып жүр. Бірақ кепілдік талап еткен тұрғындар көшуге асығар емес.
Сот шешімімен жатақханадан шығарылмақ тұрғындар Астана әкімдігінен көмек сұрады. Саяжайдағы жерлері мен үйлерін мемлекет қажетіне алған әкімдік кезінде оларды жатақханаға орналастырған. Ал қоғам белсендісі әкімдіктің оларды «әуел баста алдап кеткенін» айтады.
Мүгедек қызын емдету үшін банктен несие алып, оны өтей алмаған шымкенттік ерлі-зайыпты тамыздың соңында өздеріне қол салуға әрекеттенді. Ал сот орындаушылары баспанадан шығару жұмысын заң шеңберінде жүргізіп жатқандарын айтады.
Павлодар қаласындағы аудандардың бірі - Алюминстрой тұрғындарын қаусаған баспаналарын сүруге байланысты уақытша пәтерлерге көшірген. Бірақ жұрт «уақытша тұрып жатқан жаңа баспанамызда проблемалар көп» дейді.
Павлодарлық тұрғын Роза Манаканова «кәмелетке толмаған екі жиенімді үйде ересектер жоқ кезде пәтерден шығарды» деп, жеке сот шешімін орындаушыларды қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрайды. Жанжалдың екінші тарабы оның сөздерін жоққа шығарып отыр.
Шымкентте «Баспанамызды қорғайық» қоғамдық ұйымының жетекшісі Қыздығой Ажарқұлова шартты жазаға кесіліп, босап шықты. Ол «ақталмаса, БҰҰ-ға шағымданатынын» айтады.
Астанада екі жылға кешеуілдеген «Оберег» тұрғын үй кешені кем дегенде тағы бір жылсыз салынып бітпейтін болды. Құрылыс компаниясы қаржылық қиындыққа ұшырағанын айтады. Пәтер жалдап шаршаған үлескерлер заңға жүгінбек.
Астаналық бес жанды отбасыға баспанасы мен 16 сотық жерінен айырылып, банк алдында ондаған миллион теңге қарыз болып қалу қаупі төніп тұр. Үш үйдің екеуі "заңсыз салынған" деп танылғандықтан иелеріне өтемақы берілмейді.
4 мыңға жуық үлескердің қаржысын ұрлады деп айыпталған «Азбука жилья» компания тобының 10 менеджері шартты мерзімге кесілуі мүмкін. Астанада компания мен жапа шегушілер келісімін қарау соты басталды.
10 жыл бұрын Алматыда Шаңырақ ықшамауданында полиция мен тұрғындар арасында қақтығыс болған еді. Содан бері не өзгерді? Оқиға куәгерлері не дейді?
Шілденің 10-ы күні Моңғолияның этникалық қазақтар шоғырланған Баян-Өлгий қаласында су тасқыны жүріп, 100-ден аса үй қирады, 700-дей адам баспанасыз қалды. Адам шығыны да бар.
Тағы