Совет-ауған соғысына қатысқан қазақстандықтар «жағдайымыз жыл өткен сайын нашарлап барады» дейді. Олардың айтуынша, бұған мемлекеттің оларға көңіл бөлмеуі себеп.
Қарағандыда 20-дан аса отбасы бұзылған «Бесоба» тұрғын үй кешені орнына салынған «Шапағат» кешенінен берілген пәтер кілтін алды. Бірақ зардап шеккен «бесобалық» тұрғындардың көбі кезегін әлі күтуі тиіс.
Алматыда балалар үйінің 20 түлегі билік жалға берген пәтерлерге қоныстанып жатыр. Егер бірнеше шартты орындаса, олар жалға берілген пәтерлердің иесі бола алады.
Бизнесі мен пәтерінен айырылған алматылық зейнеткер Татьяна Аленкина үйсіз-күйсіз жанға айналды. 62 жастағы қария күні бойы көшеде жүріп, түнеп шығу үшін кешке таныстарының үйін жағалайды.
Халықаралық ұйымдар жиі сынайтын Қазақстанда 2013 жылы адам құқықтары өрескел бұзылған сот процестері, тәркілеу мен мәжбүрлі түрде емдету сияқты оқиғалар тағы қайталанды.
Астанада наразылық жиынын өткізгендер билікті азаматтардың тұрғын үй құқығын сақтауға шақырды. Митингке баспанасын қорғап бір жұма кран басында отырған әйел де қатысты.
Астанада тұрғын үй дауымен Қазақстан бас прокуратурасына арыз беруге келген ондаған адамды полиция ұстап әкетті.
Екі айға жуық аштық жариялап жатқан борышкерлер еш нәтиже шықпаған соң наразылық акцияларын тоқтатты. Олар енді мәселені шешудің басқа амалдарына жүгінетінін айтады.
Алматыда бір жарым айға жуық аштық жариялап жатқан борышкерлердің біразы ауруханаға жатып, біреуі операция жасатты. Дәрігер мұндай ашығудың ағзаға кесірі зор екенін айтады.
Алматыда баспанасынан айырылу қаупі төнген борышкерлер аштығы жалғасып жатыр. Банкирлердің сөзінше, «бәрі заң жүзінде». Құқық қорғаушылардың пікірінше, баспанадан шығару әлеуметтік дағдарысқа ұласуы мүмкін.
Алматыда бір топ азамат «билік заң бойынша хақымыз бар 10 сотық жерді берсін» деп талап етті. Олар «Үйсіз-жерсіз жүргендер комитетін» құрғандарын айтады.
Тағы