Жалғыз баспанасынан сот үкімі бойынша шығарылған алматылық отбасы сол үйде тағы біраз уақыт тұруға рұқсат етуді сұрайды.
Алматы мен Шымкентте айға жуық аштық жариялап отырғандардың көбі денсаулығы нашарлап, акцияны доғарып жатыр. «Билік аштықты тоқтатуды сұрайды, мәселені шешуді айтпайды» дейді олар.
Астанада наразылықты аяқтаған бойда үйлерінен шығарылған жандарды таныстары мен көршілері паналатты. Қазір құрылысшылар олардың үйін бұзып жатыр. Келесі кезек – көршілерінікі.
Үйлерін бұзуға қарсылық білдірген екі әйелдің Астанадағы құрылыс кранында отырғанына бес күнге айналды. Екеуінде ас-су да, байланысқа шығу мүмкіндігі де жоқ. Туыстарының айтуынша, кранда отырған әйелдерге ештеңе бергізбейді.
Азаттық 13 қарашада «Халыққа баспанасын қалдырайық» қозғалысының жетекшісі Есенбек Өктешбаевпен онлайн-конференция өткізді.
Сандуғаш Серікбаева мен Ұйым Жолдасбаеваның наразылық білдіріп, Астанадағы құрылыс кранына шыққанына екінші тәулікке айналды. Олардың айтуынша, екеуіне ас-су алуға рұқсат бермеген.
Астанада екі әйел өздері тұратын үй орналасқан жер телімінің «мемлекет қажетіне» алынуына қарсылық білдіріп құрылыс кранына шықты.
Ресейге шетелден келген еңбек мигранттарының өмірі кісі қызығарлықтай емес. Бірақ мигрант пен Солтүстік Кавказда туып-өскен Ресей азаматының Мәскеудегі тауқыметі ұқсас болып шықты.
«Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша банкте ақша жиған салымшылар үйлердің әлі салынып бітпегеніне наразы.
Түрлі қарсылық акцияларын өткізген азаматтарды жаппай ұстап әкетіп, әкімшілік сотқа тартуды саясаткерлер мен заңгерлер конституциялық құқықтың бұзылуы деп санайды.
Астанада наразылық жиынын өткізіп, президентке хат тапсырмақ болған борышкерлерді полиция автобусқа тиеп алып кетті.
Зерттеу ұйымы Алматыда 30 жасқа толмаған жастардың тек 1,2 пайызында жеке баспана барын айтады. Мамандар жастарды баспанамен қамту бағдарламаларын жетілдіруді ұсынады.
Тағы