Астанада ондаған адам тиісті пәтерлерін ала алмай жүргендеріне алты жыл болғанын мәлімдеп, құрылыс компаниясын айыптады. Ал компания пәтерлердің ақысына берілуі тиіс жердің мәселесі шешілмегенін айтады.
Мемлекеттік «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы шартына сай келмеген тұрғындар пәтер жалдай жүріп үй алуға ақша жинайды.
Жерін «мемлекетке қажет» деген уәжбен алуға қарсы астаналықтар парламент депутаттарымен кездесті. Депутаттар көмектесуге уәде бергенімен, сот қызметіне араласа алмайтынын айтты.
Астана полициясы бас прокурормен кездестіруді талап етіп, наразылық танытқан әйелдер мен балаларды ұстады. Наразылық акциясын түсіруге барған журналист жараланды.
Астанада жер телімдерінің мемлекетке қайтарылуына наразы тұрғындар бұл жолы депутаттармен кездесуді талап етті.
Қазір ипотека несиесін төлеу мыңдаған адамға қияметке айналды. Ипотекашылардың мәселесін шешуге банктердің өздерінен бөлек бірнеше тарап кірісіп отыр.
Бас прокуратура Шымкент әкімдігі жер телімдерін заңсыз сатып, енді «мемлекеттік мұқтаждық» үшін қайта сатып алып жатыр деп айыптайды. Әкімдік оны мойындамайды, ал жер иелері сергелдеңге түскенін айтады.
Үйінен шығарылуы тиіс алматылық тұрғын БҰҰ-дан көмек сұрамақ. Тәуелсіз құқық қорғаушылар судьялардың қарама-қайшы шешімдерінің күшін жоюға шақырады.
Қазақстанда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының шарттары өзгерді. Біраз облыстарда әлеуметтік тұрғын үйдің бағасы қымбаттап, халықтың наразылығын тудырды.
Астана тұрғындары бұрын саяжай болған, қазір әсем ауданға айналған жерлердегі үйлерін қорғау акцияларын өткізіп жүр. Билік ол жерлерді «мемлекетке қажет» десе, тұрғындар жалғыз үйін бұзбауды сұрайды.
Астанадағы «Махаббат» кешені тұрғындары үйлерінен шығару мерзімін шегеруді сұрап сотқа жүгінді. Наразылық білдірген оларды бала-шағасымен полиция ұстап, әлеумет наразылығы туған еді.
Жас балаларымен бірге наразылық акциясына шыққан Астанадағы «Махаббат» кешені тұрғындарын ОМОН-ның күшпен таратқаны туралы видеосюжет әлеуметтік желіде наразы пікірлер тудырды.
Тағы