Қарағандыда 500-ге жуық отбасы жаңа үй құрылысына ақша салған. Кейбірі жаңа пәтер құнын алдын ала толық төлеп қойса да, әлі күнге баспанаға қол жеткізе алмай, әуре-сарсаңға түсіп жүр. Жобаға жауапты компания құрылысқа пандемия, қаржы аздығы және жұмыс күші тапшылығы себеп болды деген сылтау айтады.