Қазақстан билігі азаматтарға зейнетақы қорындағы жинақ қаржысын мерзімінен бұрын алуға рұқсат бергесін, сатып алатын пәтер іздеген мыңдаған адам құрылыс компанияларын жағалай бастады. Тұрғын үй де лезде қымбаттап кетті. Жұрт баға күн сайын өсіп, зейнетақы қорындағы қаржы құнсызданып барады дейді.