Былтыр жыл аяғында қоғамда шу болған Астана орталығында тұратын Мейрамовтар отбасын үйінен шығару енді көктемге жоспарланған. Отағасы «үйімді бұзуды сол күйі тоқтата алмадым» деп қынжылады.
Алматыда екі бөлмелі пәтерде тұрып жатқан алты адамның төртеуі - мүгедек. Әке-шешелерінің пәтеріне тіркелу қиындығына байланысты отбасының үш мүшесі мүгедектігін ресімдей алмай отыр.
Алматыда борышкерлер наразылық шараларын өткізіп келеді. Олар «несиені әркімнің әлеуметтік жағдайына қарап қайта есептеуді» талап етеді. Ал банктер солай істеп жатқандарын айтады.
Шымкенттегі жиырма шақты отбасы «әкімдік рәсімдеп берген жерлерін жеке кәсіпкер даулап жатқанын» айтып наразылық танытты. Ал әкімдік бұл іс жөнінде тексеру бастағанын хабарлады.
Шымкенттегі сейсмикалық тұрғыда қауіпті деп танылған жатақхананың жөндеу жұмысы уәделі мерзімінде – 2015 жылдың соңында да аяқталмады. Билік «тұрғындар қаңтардың соңына дейін үйлеріне кіреді» деп сендіреді.
Оразақтың оншақты тұрғыны селден құлаған үйлерінің есесіне сол ауылда жаңадан салып берген баспанадан бас тартқан. Жергілікті билік «тұрғындар жаңа үйді алмаса, басқа амалға көшетіндерін» айтады.
Азаттық материалдарының кейіпкері, 2010 жылдан бері апатты жағдайда деп танылған үйде өмір сүрген көпбалалы ана Шолпан Сайымова Қызылорда қаласынан жаңа пәтер алды.
Дәрібаевтар отбасы Шымкенттегі бір бөлмелі пәтерде әлі уақытша тұрып жатыр. «Ана даңқы» ордені бар ана балаларының ауруға шалдыққанын үйсіздіктен көреді.
Астанадағы үйінде үш баласымен тұрып жатқан Мейрамовтар отбасы жаңа жыл мерекесінен кейін далада қалатын сыңайлы. Өтемақыны бөлуге қатысты туған дау олардың пайдасына шешілмеген.
Алматы облысы Қарабұлақ кентінде тұратын 70 жастағы зейнеткер әйел пәтерінің балконында билікке наразылығын білдірген соң жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болды. Оның балконына маска киген жас жігіттер шабуыл жасаған.
Оңтүстік Қазақстан облысы шенеуніктері Шымкенттегі «Нұрсәт» ауданындағы «заңсыз сатылған» 72 жер телімі мемлекетке қайтарылатынын хабарлады. Тұрғындар бұған наразы.
Қоныс аудару қарсаңында тұрған Березовка тұрғындары проблемаларын айтты. Балалар жаппай уланған оқиғалардан кейінгі тұрғындардың жағдайы туралы фильм түсірілген.
Тағы