Астанада борышкерлердің наразылық акциясы әлі жалғасып жатыр. Бүгін олардың жетекшісі Есенбек Өктешбаев акцияға қосыла алмады. Оның есігінің түбінде таңнан бері полицейлер тұр.
Ондаған проблемалық борышкер Астана орталығында акция өткізіп жатқан 10-күні олар мен алматылық бір топ белсенді арасында төбелес болды. Екі жақ бір-бірін «арандатты» деп айыптайды.
Бүгін Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдерінің орынбасарлары Астана ортасындағы наразылық акциясы сегізінші күнге ұласқан проблемалық борышкерлермен кездесті.
Астана қаласының орталығындағы акцияның үшінші күні ондаған борышкердің бірі Ғалия Қасенова жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.
Алматы әкімдігіне «жарылғыш затпен» кіріп, наразылық білдірген адамды сот 5 жыл бас бостандығынан айырды. Оның туыстары бұл қылмыс емес, «әділдік іздеп, амалсыздан барған әрекет» деп отыр.
Шымкенттегі көпбалалы отбасы қыстыгүні жалдамалы жыртық там төбесінен су сорғалап, көктемге әупіріммен ілінгендерін айтады. Әкімдік олардың үй кезегінде 4 мың 284-ші тұрғанын ескертті.
Қарағанды облыстық соты кәмелетке толмаған үш баласы бар әйелдің Сәтпаев қаласында өздігінен басып алған мемлекеттік пәтерді босату туралы сот шешіміне қатысты кассациялық шағымын қарауы тиіс.
2014 жылы елде саяси-әлеуметтік сипаттағы наразылықтар көп болды. Қарсылық шарасына қатысқан азаматтарды полиция тұтқындап, сот әкімшілік жазаға тартып отырды.
Ресей экономикасы тұрақты кезде доллармен ипотекалық несие алған азаматтардың жағдайы күн санап қиындап барады.
Астаналық Амангүл Соңғыбай қазанның соңында «алаяқтық жасады» деген күдікпен қамауға алынған болатын. Туыстары «ол жазықсыз сотталып кетуі мүмкін» деп алаң.
Басқа баспана берместен бос тұрған пәтерден бала-шағасымен бірге шығаруды талап еткен қала әкімдігімен соттасқан Гүлжаз Әбжамалова апелляциялық сотта жеңілді.
Астананың іргесіндегі Қоянды ауылында басталған жер дауына «қауесетке ермеуге» шақырған блогер мен белсенді де араласты. Ал сарапшылар олардың ісін «биліктің тапсырысы» деп бағалайды.
Тағы