Шымкенттегі көпбалалы отбасы қыстыгүні жалдамалы жыртық там төбесінен су сорғалап, көктемге әупіріммен ілінгендерін айтады. Әкімдік олардың үй кезегінде 4 мың 284-ші тұрғанын ескертті.
Қарағанды облыстық соты кәмелетке толмаған үш баласы бар әйелдің Сәтпаев қаласында өздігінен басып алған мемлекеттік пәтерді босату туралы сот шешіміне қатысты кассациялық шағымын қарауы тиіс.
2014 жылы елде саяси-әлеуметтік сипаттағы наразылықтар көп болды. Қарсылық шарасына қатысқан азаматтарды полиция тұтқындап, сот әкімшілік жазаға тартып отырды.
Ресей экономикасы тұрақты кезде доллармен ипотекалық несие алған азаматтардың жағдайы күн санап қиындап барады.
Астаналық Амангүл Соңғыбай қазанның соңында «алаяқтық жасады» деген күдікпен қамауға алынған болатын. Туыстары «ол жазықсыз сотталып кетуі мүмкін» деп алаң.
Басқа баспана берместен бос тұрған пәтерден бала-шағасымен бірге шығаруды талап еткен қала әкімдігімен соттасқан Гүлжаз Әбжамалова апелляциялық сотта жеңілді.
Астананың іргесіндегі Қоянды ауылында басталған жер дауына «қауесетке ермеуге» шақырған блогер мен белсенді де араласты. Ал сарапшылар олардың ісін «биліктің тапсырысы» деп бағалайды.
Астананың іргесіндегі Қоянды ауылының тұрғындары биліктің «жерлерін заңсыз алып жатқанын» айтып шағымданады. Ал әкімшілік соттың шешіміне сүйенеді.
Алматы экономикалық сотында 700-ге жуық борышкердің 14 банкке қарсы талап-арызы қарала бастады. «Қарызымызды қайтара алмаймыз әрі қайтаруға міндетті емеспіз» деп мәлімдеген азаматтардың дауын енді сот шешуі тиіс.
Халықаралық «Ашық диалог» ұйымы Қазақстан билігін түрмедегі диссидент Арон Атабекке қысым жасауды тоқтатып, рақымшылық жариялауға шақырды. Түрме өкілдері «Атабекке қысым жоқ» дейді.
Үйі өртеніп, далада қалған алматылық тұрғындар әкімдіктен гөрі азаматтық қоғамнан көбірек қолдау көргенін айтады.
Қарағандыдағы апатты деп танылып бұзылған «Бесобаның» орнына салынған үйлерге тұрғындар кіріп жатыр. Бірақ олар «инфрақұрылым жоқ, асығыс салынған пәтерлердің кем-кетігі көп» деп шағымданады.
Тағы