Түркіменстан үкіметі ел астанасын жаңалап, оны әдемі қалаға айналдыру үшін қомақты қаржы бөлді. Бірақ Ашғабат тұрғындары одан шығын шегіп жатыр.
200-ге жуық Астана тұрғыны бас директоры қамауда отырған «АльБаракат Компанидің» әрекетінен зардап шектік деп санайды. Олар компания кеңсесіне келіп, ақшаларын қайтарып беруді талап етіп жүр.
Алматы жоғары оқу орындарының басқа аймақтардан келген студенттері жатаханадан орын жетпей, қиналып жүргеніне талай жыл болды. Көбі пәтер жалдауға мәжбүр.
Алматыдағы екі тұрғын үй кешенінің ондаған тұрғыны күнде кешке жиналып, пәтер ақысын бөліп төлеу шартын қайта қарау жолдарын іздейді. Теңге девальвациясынан кейін доллар қымбаттап, қарыздары ұлғайып кеткен.
Тамыздағы теңге девальвациясы доллармен несие алған алматылық Абатовтар отбасының бюджетіне ауыр тиді. Төрт баласы бар отбасы енді пәтерін сатып, қала сыртынан уақытша баспана салуды ұйғарған.
Алматыда Тобаяқов көшесінде өртенген үйдің 60 тұрғыны «қыс түскенше пәтерімізді салып берер» деп үміттенеді. Билік олардың үйін мемлекет есебінен тезірек тұрғызуға уәде берген.
«Ақкент» шағын ауданында тағы бір борышкер пәтерден шығарылды. Белсенділер «сот орындаушылары үй иесі жоқта дүние-мүлкін шығарды» дейді. Ал орындаушылар «заңды негіз барын» айтады.
Подъез шатыры опырылған үй тұрғындарына Теміртау билігі шатырды мемлекеттен несие алып жөндеуді ұсынды. Жұрт «мұнша соманы қайтара алмаймыз» дейді. Ал өздері апатты жағдайда тұрып жатыр.
Үкіметтік емес 17 ұйым Астанада «азаматтардың әлеуметтік құқықтарын бірігіп қорғау» үшін ортақ меморандумға қол қойды. Баспанаға қол жеткізе алмай жүрген үлескерлердің кейбірі бұл бастамаға күдікпен қарайды.
Павлодар қаласындағы тергеу абақтысында отырған ақын әрі диссидент Арон Атабек камера үлгісіндегі бөлмеден жалпы камераға ауыстырылды.
Қызылордадағы ескі жатақхананы жөндеуге жіберілген адамдар кірпіш әкеліп түсірді. Бірнеше отбасын уақытша өзге жерге көшіру жайлы биліктің ұсынысына тұрғындардың басым көпшілігі келіспейді.
Астана әкімдігі «құрылысы бітпеген әрі рұқсат құжаттары жоқ нысандарда пәтерлер сатылуы мүмкін» деген ескерту таратты. Бұл мәлімдеме кейбір үлескерлердің наразылығымен тұспа-тұс жасалды.
Тағы