Қазақстан Францияға осы елде ұсталған оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовты экстрадициялау туралы өтініш жолдады.
Шілденің 31-і күні Мұхтар Әблязовтың Францияда ұсталғаны туралы хабарға қатысты қазақстандық азаматтық қоғам өкілдері Азаттыққа пікір білдірді.
Италиялық Corriere della Sera газеті Қазақстан үкіметіне жолдаған сауалдарына жауап алғанын жариялады. Астана белгілі бір шартпен Мұхтар Әблязовтың әйелін қайтара алатынын мәлімдеген.
Италияның ішкі істер министрі Мұхтар Әблязовтың туыстарын Қазақстанға депортациялауға қатысты туған даудан аман шықты. Ал сыртқы істер министрі үнсіз құтылмақ.
БҰҰ адам құқықтары бойынша сарапшылары Италия билігін уақыт жоғалтпастан Мұхтар Әблязовтың әйелі мен қызын дипломатиялық жолмен кері қайтаруға шақырды.
Италиялық журналист, әрі саясаттанушы Джованни Бенси Азаттыққа берген сұхбатында Мұхтар Әблязовтың әйелі мен қызын бұрын кездеспеген тәсілмен депортациялау Италияда саяси дау тудырғанын айтты.
Италия үкіметі Мұхтар Әблязовтың жұбайы мен қызын депортациялау туралы шешімнің күшін жоятынын жариялады. Мұны Қазақстан жағы өзінше жорыды.
Аймақтардан қолдаушыларын шақырып, Алматыда жиын өткізуді жоспарлаған оппозициялық белсенділер «қатысушылардың келуіне қаржы полициясы кедергі жасап отыр» дейді.
Қырғызстанның ресми өкілдері қуғындағы қазақ оппозициялық саясаткері, банкир Мұхтар Әблязовтың суреті жапсырылған «қырғыз паспортының» заңсыз жасалғанын айтады.
Мұхтар Әблязовтың әйелі мен қызын Италиядан депортациялау Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның арасындағы қақтығыстың қаншалықты ушыққанын көрсетеді.
Халықаралық ICIJ ұйымы «170 елдің 130 мың азаматы оффшорда қаржы жасырып отыруы мүмкін» деген ақпарат таратты.
Сот Татьяна Трубачеваның «Рипабликтегі» көп авторлардың бірі екеніне, ал бұл газеттің жабылған оппозициялық «Голос республики» басылымының жалғасы емес екеніне сенбеді.
Тағы