Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысты істе үкімі қайта қаралып жатқан Ержан Өтембаевқа прокурор бұрынғы айыбын қайта тақты.
Талдықорғанда оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен екі серігінің өліміне қатысты алдын-ала сот тыңдауы өтті. Негізгі сот отырысы 22 қаңтарда Қаскелеңде болады.
Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс берді деп сотталған Ержан Өтембаевтың ісін қайта қарау бойынша алдын-ала сот тыңдауы 10 қаңтарда Талдықорғанда басталатыны туралы хабарланды.
Президенттің бұрынғы күйеу баласы «Назарбаев режиміне қарсы комитет құруға» шақырды. Оның бұл бастамасы әлеуметтік желіде Әлиевті қолдаушылар мен қарсылардың дауына ұласты.
Белгілі оппозициялық саясаткердің өліміне қатысты сегіз жылға жуық уақыт ішінде қандай болжамдар айтылып, қорытындылар жасалды? Азаттықтың инфографикалық шолуы.
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ақпанның 11-і мен 12-сі күні «Қонаевтай ер қайда» деген атпен айтыс өтті. Солтүстік Қазақстан облысының ақыны Әлібек Серғалиев пен астаналық Иранғайып Күзембаев сахнаға жетінші жұп болып шықты.
Бүгін алты жыл бұрын қастандық құрбаны болған Алтынбек Сәрсенбайұлының зираты басына туыстары мен серіктестері келіп құран бағыштап, марқұмды еске алу шарасын өткізді.
Саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы 2006 жылы ақпанның 11-інде қаза тапқан соң оның пікірлестері, жанында жүрген серіктері әрқилы саяси трансформациялардан өтті. Кейбірі билікке оралды, «оңшыл» мен «солшылға» айналды.
Қоғамдық белсенді Кәрібай Құсайынов Алтынбек Сәрсенбайұлының өлімі бойынша ұзақ жылдарға сотталған бұрынғы шенеунік Ержан Өтембаевтың бостандықта жүргенін жоққа шығарады.
Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның оққағары болған Бауыржан Байбосынның туыстары тергеу ісі әрі қарай қайта жалғасуы керек деп есептесе, Сәрсенбайұлының жүргізушісі болған Василий Журавлевтің жесірі Ольга "Азаттық" радиосына өзінің шарасыз халде отырғанын айтты.
Тағы