Белгілі оппозициялық саясаткердің өліміне қатысты сегіз жылға жуық уақыт ішінде қандай болжамдар айтылып, қорытындылар жасалды? Азаттықтың инфографикалық шолуы.
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ақпанның 11-і мен 12-сі күні «Қонаевтай ер қайда» деген атпен айтыс өтті. Солтүстік Қазақстан облысының ақыны Әлібек Серғалиев пен астаналық Иранғайып Күзембаев сахнаға жетінші жұп болып шықты.
Бүгін алты жыл бұрын қастандық құрбаны болған Алтынбек Сәрсенбайұлының зираты басына туыстары мен серіктестері келіп құран бағыштап, марқұмды еске алу шарасын өткізді.
Саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы 2006 жылы ақпанның 11-інде қаза тапқан соң оның пікірлестері, жанында жүрген серіктері әрқилы саяси трансформациялардан өтті. Кейбірі билікке оралды, «оңшыл» мен «солшылға» айналды.
Қоғамдық белсенді Кәрібай Құсайынов Алтынбек Сәрсенбайұлының өлімі бойынша ұзақ жылдарға сотталған бұрынғы шенеунік Ержан Өтембаевтың бостандықта жүргенін жоққа шығарады.
Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның оққағары болған Бауыржан Байбосынның туыстары тергеу ісі әрі қарай қайта жалғасуы керек деп есептесе, Сәрсенбайұлының жүргізушісі болған Василий Журавлевтің жесірі Ольга "Азаттық" радиосына өзінің шарасыз халде отырғанын айтты.
"Хабар" агенттігі мен бұрынғы ақпарат министрі, қазір әлі ресми тіркеуден өтпеген “Нағыз Ақ Жол” партиясы тең төрағаларының бірі Алтынбек Сәрсенбайұлының арасындағы сот ісіне қатысты шешім жария болды.
Бейсенбі күні Қазақстанда жарық көрген бірқатар басылымдарда "Хабар" телеарнасы мен бұрынғы ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбайұлы арасындағы сот ісіне қатысты мақалалар жарияланыпты. Басылымдар бұның қоғамда үлкен пікір туғызып отырғанын атапты.
Көкектің 29-ы күні Алматыда бұрынғы «Ақ Жол» демократиялық партиясынан бөлінген «Нағыз Ақ Жол» демократиялық партиясының құрылтай жиыны өтті.
Қазақстандық бір топ журналистер мен саясаткерлер наурыздың 20-сы күні Алматыда елде сөз бостандығын қорғауды талап етуіп митингке шығуды жоспарлап отыр. Бұл шараны «Қазақстандағы сөз бостандығын қорғау» қоғамдық комитеті ұйымдастырмақ.
Бейсенбі күнгі басылымдарда оппозициялық топтардың арасында қандай өзгерістердің болып жатқандығы айтылыпты. Оппозиционер Заманбек Нұрқаділов баспасөз арқылы “Ақ жол” партиясының тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлының атына ғайбат сөз айтқаны үшін кешірім сұрапты.
Тағы