Түрмеде отырғанына 15 жыл болған ақын әрі диссидент Арон Атабектің жағдайы туралы ақпарат қайшылыққа толы. Түрме әкімшілігінің тұтқынның "дені сау" деген сөзін құқық қорғаушылар "бас қатыру" деп атап, билікті Атабекті босатуға үндеді.
Нұрсұлтан Назарбаевты өмір бойы сынаған диссидент Кәрішал Асанов осыдан бес жыл бұрын өмірден озды. СССР кезінде билікті сынағаны үшін қудаланған Асанов постсоветтік Қазақстанда «президенттің абыройы мен беделіне нұқсан келтірді» деген айыппен екі рет жауапқа тартылды.
12 жыл бойы түрмеде отырған ақын әрі диссидент Арон Атабек 65 жасқа толды. Оған барған құқыққорғаушылар ақынның шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазасын жеңілдетуді сұрап өтініш беру ойына кіріп шықпайтынын айтады. Достары мен таныстары Атабектің сан қырлы тұлға екенін айтса, құқыққорғаушылар оның төзімділігіне тәнті болады.
«Президенттің отставкаға кетуін талап еткен соң қысымға ұшырап, Қазақстаннан кеттім» деген Қызылорда тұрғыны Мәскеуде панасыз күйде қалған.
Құқық қорғаушы Елена Семенова Павлодардағы диссидент Арон Атабек отырған түрмеде болды. Төрт жылдан аса бір кісілік камерада отырған оппозиционер жағдайына қатысты жайттар алғаш ашылып отыр.
Әлеуметтік алауыздықты өршітті деген айыппен түрмеге қамалған оппозициялық саясаткер Владимир Козлов енді «түрме ішіндегі түрмеге» ауыстырылды.
Вена түрмесінде өлген Рахат Әлиев Лондондағы Бейкер стриттегі әйгілі үйдің иесі болуы мүмкін.
Алматыда қазақ диссиденті Кәрішал Асанов 79 жасында өмірден озды. Қазақстан тәуелсіздік алған тұста ол президент Нұрсұлтан Назарбаевты сынаған кітап шығарғаны үшін сотқа тартылған.
Мәскеуде оппозициялық саясаткер Борис Немцовты еске алу шеруіне, ұйымдастырушылардың айтуынша, елу мыңнан аса адам қатысқан. Мұндай акциялар жексенбіде өзге елдерде де өтті.
Қазақстандық оппозиционерлер Мәскеуде қастандықпен өлтірілген саясаткер Борис Немцовпен бірге «Ресейде демократиялық өзгеріс болады деген үміт үзілді» дейді.
Қазанның 30-ы – Халықаралық саяси тұтқындар ынтымақтастығы күні. Бұл күннің қарсаңында Ресейде қуғын-сүргін құрбандарын еске алу акциялары өтті. Қазақстанда олар жайлы құқық қорғаушылар мен саясаткерлер ғана айтады.
Қазақстанның бұрынғы топ-шенеунігі, қазір Швейцарияда тұратын саяси эмигрант Виктор Храпунов Азаттыққа берген сұқбатында баласының Швейцариядағы бизнесі жайлы да айтты.
Тағы