Түрмедегі диссидент Арон Атабектің туыстары Бақытжан Төреғожинаның оны хлормен «азаптады» деген мәлімдемесіне алаңдайды. Түрме бастығы бұл сөздерді қауесетке балайды.
Қазанның 30-ы – Халықаралық саяси тұтқындар ынтымақтастығы күні. Бұл күннің қарсаңында Ресейде қуғын-сүргін құрбандарын еске алу акциялары өтті. Қазақстанда олар жайлы құқық қорғаушылар мен саясаткерлер ғана айтады.
Халықаралық «Ашық диалог» ұйымы Қазақстан билігін түрмедегі диссидент Арон Атабекке қысым жасауды тоқтатып, рақымшылық жариялауға шақырды. Түрме өкілдері «Атабекке қысым жоқ» дейді.
ҚАЖК түрмеде отырған диссидент Атабекті ауруханаға жатқызып емдеудің қажеті жоқ екенін мәлімдеді. Ал тұтқын құқық қорғаушыға жазған хатында денсаулығы нашарлағанына шағымданады.
Астанадағы адам құқығы жөніндегі ұлттық орталық пен түрме жүйесі өкілі тұтқындағы ақын әрі диссидент Арон Атабектің құқығы бұзылмаған деп санайды. Құқық қорғаушылар омбудсмен позициясын сынайды.
Түрмедегі диссидент Арон Атабек жақындарына жазған хатында емделу жөніндегі өтінішін қабылдамай жатқанын хабарлайды. Ал түрме басшысы оның денсаулығы «қанағаттанарлық» дейді.
Шаңырақ тұрғындары журналистермен шешіле сөйлесуге ықылас таныта қоймайды. Олар жұмыс жайы қиын екенін ғана айтады, ал әкімдік дамыту жұмыстары жасалып жатқанын мәлімдейді.
«Шаңырақ ісі» бойынша сотталғандардың төртеуі әлі түрмеде отыр. Туыстары «халық оларды ұмытып кетті» деп налиды.
«Шаңырақ ісі» бойынша сотталған Арон Атабекке ұлымен жүздесуге рұқсат берілді. Асқар Айдархан түрмедегі әкесімен кездесуден алған әсерлері туралы Азаттық тілшісіне сұхбат берді.
Режиссер Қалдыбай Әбенов «Шаңырақ ісі» бойынша сотта айыпталушылардың қоғамдық қорғаушысы болды. «Шаңырақ оқиғасы» күні қарсаңындағы сұхбат осы істің cебеп-салдары туралы өрбіді.
18 жылға сотталған Арон Атабектің бір айдан бері карцерге қамалып, жүре алмай қалғаны хабарланды. Белсенділер оған медициналық көмек көрсетуге шақырып, Facebook-те қол жинай бастады.
Тағы