Қазақстандық архивтер мерзімі 30 жылдан асып кеткен құжаттарды да зерттеушілерге бермей отыр деп санайды бірқатар тарихшылар. ҰҚК мен орталық мұрағат өкілдерінің пікірі басқаша.
Қазақстанда 1932-33 жылдары болған ашаршылықтың 80 жылдығы мемлекеттік деңгейде атап өтілетін болды. Бұған қатысты үкіметке тапсырма берген Қазақстан президенті наурыздың 1-і ашаршылықтан халықтың 40 пайызға жуығы қырылғанын атап өтті. Ал қазақ тарихшыларының бірі ашаршылық құрбандарына қатысты мемлекеттік деңгейдегі іс-шаралардың әлі де жеткіліксіз екенін айтады.
Осыдан 86 жыл бұрын, 1925 жылы 13 қыркүйекте Қазақстан өлкелік партия комитетінің хатшылығына Мәскеудегі орталық билік Филипп Исаевич (Шая Ицкович) Голощекинді жіберді.