Бүгін, 1 наурызда Азаттық радиосының алғашқы хабары эфирге шыққанына 70 жыл толды. Азаттық 70 жылдыққа орай арнайы аудиоподкаст пен мақалалар тізбегін жариялауды бастайды. Бүгінгі тақырып – радио қалай құрылды, оны кім қаржыландырды, Азаттық қандай трансформациядан өтті?
Бес жыл бұрын осы айда "Мемориал" адам құқықтарын қорғау ұйымының Карелиядағы бөлім басшысы Юрий Дмитриев қамауға алынды. Сталин террорын әшкерелеген тарихшы "Север.Реалии" тілшісінің сұрақтарына жауап берді.
Биыл "Беловеж келісіміне" 30 жыл толды. Ресей, Украина мен Беларусь басшылары 1991 жылғы 8 желтоқсанда келісімге қол қойған соң СССР түбегейлі ыдырады. Сол күні Беларустің Беловеж орманына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та шақырылған, бірақ барған жоқ.
Қазақстанда Алаш автономиясының үкімет басшысы Әлихан Бөкейхановтың тарихи рөлі жеткілікті деңгейде бағаланбаған. Өткен ғасырда өмір сүрген мемлекет қайраткері туралы кітап жазған ресейлік ғалым, тарих ғылымдарының докторы Виктор Козодой осылай дейді. Азаттық кітап авторымен сұхбаттасты.
1990 жылғы 25 қазанда "Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация" қабылдады. Бұл күн 2009 жылға дейін Республика күні ретінде мемлекеттік мереке болып келді. Азаттық сол кездегі оқиғалардың куәгері болған журналист Марат Тоқашбаевтан сұхбат алды.
1991 жылғы 25 желтоқсанда Совет одағының дәурені аяқталды. Одақ біртіндеп ыдырап, әлем картасында жаңа 15 мемлекет пайда болды. Кейбір сарапшылар СССР түбі бәрібір күйрейтін еді дейді.
1989 жылы жазда одақтағы ең ірі кеншілер ереуілі өтті: наразылық 11 шілдеде Кузбаста басталып, бірнеше күннен кейін елдегі барлық көмір бассейндеріне тарады. СССР-де 504 шахта болса, ереуілге соның үштен екісі қатысты.
Тағы