Былтыр көктемде Шымкент қаласына іргелес Забадам селосының тұрғыны парламент сайлауы қарсаңында бұзаулап, үшем туған сиырының төлдерін «Отан», «Асар» және «Ақ жол» партияларының атын берген еді.
Тәуелсіз газеттерде "Қазақстанның демократиялық таңдауы" халықтық партиясының жетекшісі Ғалымжан Жақияновтың 21 қаңтарда екі күнге айып изоляторына қамалған соң оның денсаулығы қатты нашарлап кеткендігі жазылыпты.
Қаңтардың 29-ы күні «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясының Алматыдағы кеңсесінің алдында жүздеген адам жиналып, ооопозициялық партияны жабу туралы шығарылған сот шешіміне наразылық білдірді.
Мерзімді басылымдарда “Ақ жол” демократиялық партиясы басшылығының арасында өзара келіспеушіліктің бар екендігі туралы айтылыпты. Кейбір оппозициялық газеттер партиядағы Әлихан Бәйменов бастаған “конформистік” топтың соңғы уақытта президент әкімшілігімен байланысын тым күшейтіп жібергендігін хабарлапты.
Қазақстандағы шығармашылық интеллигенция өкілдерінің бір тобы "Қазақстанның демократиялық таңдауы" партиясын жаппауды сұрап Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жариялады.
Қазақстан жоғарғы соты Орталық сайлау комиссиясының шешімін заңсыз депе тануды сұраған «Ақ жол» партиясының тең төрағасы Әлихан Бәйменовтің өтінішін қанағаттандырмай тастады.
Қазақстанның демократиялық күштері үйлестіру кеңесінің жұмысшы тобы екі ай ішінде жаңа конституция жобасын әзірлеп ұсынды.
Кезекті мерзімге АҚШ президенті болып қайта сайланған Джордж Буштың инаугурация кезінде «әлемде тираниямен күрес» туралы сөзі қазақстандық оппозицияның құлағына майдай жақса, билікті қолпаштайтындар оны жақтырмай отыр.
Бүгін шыққан газеттерде оппозициялық партияны жабу туралы сот шешіміне орай халықаралық ұйымдардың алаңдаушылық танытып отырғандығы және Қазақстан бас прокуратурасының елдегі кейбір саяси партияларды тексеруге кіріскендігі хабарланыпты.
Қаңтардың 25-сі күні «Ақ жол» партиясының өкілдері Алматы қаласында көпшілік назарына өздері әзірлеген «Ардагерлер туралы» заң жобасын ұсынды.
Орталық сайлау комиссиясының берген жалғыз мандатынан бас тартқан «Ақ жол» партиясы енді осы комиссияның үстінен Жоғарғы сотқа жүгінбекші.
Мерзімді басылымдардың бетінде Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының “Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясын” жабу туралы шешім шығарғандығына байланысты талдау жасаған мақалалар жарық көріпті.
Тағы