25 жыл бұрын, жаңа Конституция бойынша сайланған қос палаталы парламент жұмысқа кірісіп, Мәжіліс төрағалығына белгілі саясаткер Марат Оспанов сайланған еді. Білетіндер оны Нұрсұлтан Назарбаевтың режимін күшейтуге ат салысқан, сөйте тұра оны сынаудан да қаймықпаған тұлға болды деп еске алады.