Қазақстандағы жаңа саяси маусым биыл өзгеше басталды. Парламенттің төменгі палатасының отырыстары тікелей көрсетілетін болды, ал заң шығарушы органның жұмыс топтарына үкіметтік емес ұйымдар (қоғамдық ұйымдар - ред.) мен оппозиция өкілдері шақырылды.
AzattyqLIVE хабарында cаясаттанушы Гүлшат Нұрымбетовамен Қазақстандағы саяси партиялар жүйесі талқыланды.
Мәжіліс пен мәслихат сайлауына түсіп жатқандар арасында көбінесе «Нұр Отан» партиясы ұсынған жастар көп. Бірақ олардың сайлау бағдарламаларын табу оңай шаруа болмай шықты, жас кандидаттар өзі жайлы ештеңе айтқысы келмейді.
Саяси партиялардың сайлауалды теледебатына қатысқандар «уақыттың - тар, тақырыптың шектеулі болғанын» айтады. Ал кейбір көрермен «көңілге қонымды бір мәселе естімегеніне» наразы.
Кезектен тыс парламент сайлауына Қазақстанда тіркелген жеті партияның алтауы ғана қатысады. Оппозициялық «Азат» партиясы сайлауға қатысуға құлық танытпады. Бір қызығы, билік «Азаттың» партияны жою жайлы өтінішін әлі орындамай келеді.
Наурызда өтетін мәжіліс сайлауына алты партия қатысады. Азаттық тілшісі бұл саяси партиялардың басшылары негізінен «Нұр Отанның» бұрынғы мүшелері екенін анықтады.
Мәжіліс сайлауына түсіп жатқан «Бірлік» партиясы төрағасы Серік Сұлтанғали елге аса танымал емес. Кезінде екі партия бірігуінен құрылған «Бірлік» сайлауға бар болғаны сегіз кандидат ұсынды.
ЖСДП жетекшісі Жармахан Тұяқбай өзінен кейін жоғары лауазымдағы қызметкерлерден оппозицияға ешкім өтпегенін айтады. Алайда оны «оппозицияның сәтсіз жетекшісі» деп санайтындар да бар.
Ресейлік тарихшы әрі саясаттанушы Андрей Зубов Қазақстан парламенті советтік үлгіден қалай арыла алатыны жайлы ойларымен бөлісті.
Парламент сайлауына түсіп жатқан «Ауыл» партиясының жетекшісі Әли Бектаев Қазақстан президентіне өлең арнаған ақындығымен ерекшеленеді.
Қазақстанда соңғы бірнеше сайлауда парламентке билікті қолдайтын күштер ғана өтіп келген. Бұл сайлау өзгеріс әкеле ме? AzattyqLIVE белсенді Жасарал Қуанышәлинмен осы жайлы талқылады.
Қазақстанның саяси сахнасына шыққалы бері Азат Перуашев президентшіл үш партияға мүшелікке өтіп, екеуіне төрағалық етті, соңғы таратылған мәжілістің депутаты болды. Ол басқаратын «Ақ жол» партиясы тағы бір сайлауға дайындалып жатыр.
Тағы