Парламент сайлауына түсіп жатқан «Ауыл» партиясының жетекшісі Әли Бектаев Қазақстан президентіне өлең арнаған ақындығымен ерекшеленеді.
Қазақстанда соңғы бірнеше сайлауда парламентке билікті қолдайтын күштер ғана өтіп келген. Бұл сайлау өзгеріс әкеле ме? AzattyqLIVE белсенді Жасарал Қуанышәлинмен осы жайлы талқылады.
Қазақстанның саяси сахнасына шыққалы бері Азат Перуашев президентшіл үш партияға мүшелікке өтіп, екеуіне төрағалық етті, соңғы таратылған мәжілістің депутаты болды. Ол басқаратын «Ақ жол» партиясы тағы бір сайлауға дайындалып жатыр.
Жеті партияның парламент мәжілісі сайлауына қатысуына қақы бар. Сарапшылардың бірі бұл сайлауды «қай партияның тірі қалуын шешетін науқан» десе, екіншісі «босқа ақша шашу» дейді.
AzattyqLIVE парламент мәжілісінің өздерін тарату туралы ұсынысын ЖСДП төрағасы, бұрынғы мәжіліс спикері Жармахан Тұяқбаймен талқылады.
Мәжіліс өзін таратып, елде кезектен тыс парламент сайлауын жергілікті мәслихаттар сайлауымен бірге өткізуді президенттен сұрады. Сарапшылар билік жүйесінде түбегейлі реформалар жүргізілмейінше, парламент қолбала қалпында қала береді деп санайды.
Қазақстанның коммунистік партиясы өзін жабу туралы биыл тамызда шыққан сот шешімін апелляцияға беріп жатыр. Кейбір сарапшылар бұл шешімнің саяси астары бар екенін айтады.
Душанбе Орталық Азиядағы тіркелген жалғыз діни-саяси партия - "Ислам қайта өрлеу партиясының" қызметін тоқтатуға бұйырды.
Алматы қаласы соты шешімімен Қазақстан коммунистік партиясы жабылды. Саяси ұйым басшылығы «ақырына дейін» күреспек.
Сарапшылар Назарбаев туралы жаңа фильмде «Қазақстан президенті бұрынғы айтып жүрген көптеген пікірлерін қайталады» дейді.
ЖСДП мүшелері жетекшілерінің президент сайлауы өткен соң ғана саяси белсенділік танытқанына сын айтты.
Мерзімінен ерте өтетін президент сайлауына Қазақстан коммунистік халықтық партиясының жаңа басшысы Тұрғын Сыздықов түсіп жатыр. Ол сайлауда жеңбейтінін, бірақ, екінші орыннан дәмелі екенін айтады.
Тағы