Мерзімді басылымдарда Ирактағы бітімгершілік күштер қатарында жүріп қаза тапқан капитан Қайрат Құдабаев және жарақат алған төрт қазақстандық азамат туралы мақалалар жарық көрді.
Сенатор Зәуреш Батталова «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясын жабу туралы Алматы экономикалық сотының шешімін «биліктің тапсырысымен жасалған заңсыз әрекет» деп атады.
Қазақстан аймақтарындағы түзету мекемелерінде арнайы діни құлшылық орындары жылдан жылға көбейіп келе жатқаны байқалып отыр.
Қаңтардың 9-ында Иракта бітімгершілер батальонында қызмет атқарып жүрген қазақстандық сапер Қайрат Құдабаев қаза тауып, тағы төрт жауынгер жараланған. Оқиға Васит провинциясындағы эс-Сувейра қаласы маңында болған.
Ақмола және Қостанай облыстарында жолды қар басып қалуы салдарынан жол бойында ондаған адам және техника құралдары қалып қойған.
Қазақ-өзбек шекарасын демаркациялау жөніндегі үкіметтік комиссия шекара маңындағы тұрғындарды "мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға" шақырады. Ал демаркациялық сызықты тартып болған соң Өзбекстан территориясында Қазақстан азаматтары тұратын 92 үй қалып қойған.
Қазақстандағы бірқатар саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар белсенділері Қазақстан конституциясы өзгерту қажет деп санайды. Оппозиция да, билік партиясының өкілі де парламенттің құзыретін кеңейтуді жақтайды.
Қазақстанның бірқатар архитекторлары мен дизайнерлері Алматы қаласының соңғы уақыттағы сәулеті туралы сыни пікір білдіріп отыр.
Қазақстанның демокартия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс тобы парламент мәжілісі мен сенат депутаттарының санын көбейтіп, аралас жүйе бойынша сайлау тәртібін енгізуді ұсынды.
Мерзімді басылымдарда “Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясын” мәжбүрлеп тарату туралы шыққан сот шешіміне орай Алматы қалалық прокуратурасы баспасөз құралдарына түсініктеме бергендігі айтылыпты.
Өзбекстан билігі Қазақстанмен шекарада ерекше бір аймақ құрмақшы деген ақпаратты әзірге ол елдің ресми орындарынан анықтау мүмкін болай отыр.
«Қазақстанның демократиялық таңдауы» партиясын жабу туралы сот шешімі шыққаннан кейін елде жақын арада президент сайлауы өтеді деген пікір айта бастады.
Тағы