Былтыр көктемде Шымкент қаласына іргелес Забадам селосының тұрғыны парламент сайлауы қарсаңында бұзаулап, үшем туған сиырының төлдерін «Отан», «Асар» және «Ақ жол» партияларының атын берген еді.
Тәуелсіз газеттерде "Қазақстанның демократиялық таңдауы" халықтық партиясының жетекшісі Ғалымжан Жақияновтың 21 қаңтарда екі күнге айып изоляторына қамалған соң оның денсаулығы қатты нашарлап кеткендігі жазылыпты.
Қаңтардың 29-ы күні «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясының Алматыдағы кеңсесінің алдында жүздеген адам жиналып, ооопозициялық партияны жабу туралы шығарылған сот шешіміне наразылық білдірді.
Ресей С-400 «Триумф» атты жаңа әскери зымыранын Қазақстанның Балқаш полигонында сынақтан өткізетіні туралы Ресей әскери әуе күштері бас қолбасшысының ТМД елдерінің бірлескен әуе қорғанысы жүйесі жөніндегі орынбасары Айтеч Бижев мәлімдеп үлгерді. Ал Қазақстанның қорғаныс министрлігі бұл мәселе жөнінде ақпарат беруден бас тартып отыр.
ТМД елдерінің ішінде соңғы жылда Қазақстанның экономикасы өскені байқалады. Мұнайға бай елдің жалпы ішкі өнімінің өсу көлемі 9,3 пайызды құраған. Сарапшылар Орта Азияда экономикалық даму жағынан Астана алда келеді дегенді айтады.
Қазақстандық ғалымдар Шығыс Қазақстаннан тапқан үшінші «алтын адамның» қабірінен шыққан әшекей бұйымдардың бұған дейінгі табылғандардан ерекшелігі - олардың құйма алтыннан жасалғандығы. Зерттеушілер қазақ даласында әлі ашылмаған сыр аз емес дейді.
БҰҰ-ның есірткі және қылмыс басқармасы мен Қазақстан үкіметі заңсыз есірткі тасымалы мен саудасына қарсы бірлесіп күресу жөніндегі бес түрлі жобалық құжаттарға қол қойды.
Қазақстанда қызылшамен ауратындар саны күн өткен сайын көбейіп барады. Денсаулық сақтау министрлігі қазір елдегі бұл дертке шалдыққандар саны 5588 адамға жеткенін хабарлады.
ТМД-дағы сайлау барысын бақылайтын қоғамдық ұйымдар таяу арада осы кеңістікте шынайы ашық сайлау өтетіндігіне шүбәлі. Бұл туралы қаңтардың 28-інде Астанада ТМД-ға мүше алты елдің тәуелсіз бақылаушыларының басқосуында айтылды.
Мерзімді басылымдарда “Ақ жол” демократиялық партиясы басшылығының арасында өзара келіспеушіліктің бар екендігі туралы айтылыпты. Кейбір оппозициялық газеттер партиядағы Әлихан Бәйменов бастаған “конформистік” топтың соңғы уақытта президент әкімшілігімен байланысын тым күшейтіп жібергендігін хабарлапты.
Қазақстан биыл жаздан бастап Өскеменде шетелдік «Шкода» маркалы автокөліктерді құрастыру өндірісін бастамақшы. Жыл соңына дейін елде құрастырылған көліктер саны мыңнан асады деп жоспарланған.
Қазақстан энергетика және минералды ресурстар министрі Владимр Школьниктің айтуынша, Қазақстан Қашаған кеніші жобасындағы «Бритиш Газ» компаниясы акциясының 8,33% сатып алуды жоспарлап отыр.
Тағы