Алматыдағы жүрек және ішкі ағза аурулары ғылыми-зерттеу институтының мамандары, жастардың қауіп-қатерге, оқыс жағдайларға бейімсіздігінен сусамыр, жүрек ауруларына шалдығу фактілері жиілеп отырғанын айтады.
Ресми деректер бойынша Қазақстанда есепке алынған 47 мың 903 есірткіге тәуелді адамның 1441-і жасөспірімдер.
Мерзімді басылымдар төтенше жағдай жарияланған Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы күрделі ахуалға айрықша назар аударыпты. Кейбір басылымдар Оңтүстік Қазақстан облысында да су тасқыны болуы ықтимал деген болжам жасапты.
Алматыда темекіге қарсы басталған апталық барысында “Темекі шегуді шектеу және сауықтыру” туралы заңның орындалуы зерттелмек.
Табиғат қорғаушылар қазіргі кезде Қазақстанның жан-жануарлар әлемінде шешілмеген мәселелерді өзгеріс енгізілген жаңа заңмен шешуді жөн санайды.
Ақпанның 9-ы күні Қытай халқы шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл мерекесін тойлайды. Қытай жаңа жылы – Чуньцзе, яғни "көктем мерекесі" деп аталады.
Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін алғаннан бері АҚШ Қазақстан экономикасына 9 миллиард доллардан астам инвестиция салған. Бұл осы уақыт ішінде ел экономикасына құйылған барлық шетелдік инвестиция көлемінің - 27 миллиард доллардың үштен бір бөлігі.
Қазақстан ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаментінің бастығы Сұлтан Күсетовтың айтуынша, ел аумағында қылмыс жасағандардың көбісі шетелде жасырынып жүр. Қазіргі уақытта үш жарым мыңнан аса адамға іздеу салыныпты.
Павлодар облысындағы Ақсу қаласының ферроқорытпа зауытының жатақханасы қаланың иелігіне өтетіндіктен 100 шақты жұмысшының отбасылары бір айдың ішінде жатахананы босатуға тиіс.
Біріккен ұлттар ұйымының кедейшілікті азайту бағдарламасының үйлестірушісі Малин Бергрен Қазақстанда тұрғындардың 20 пайызы кедейлерге жатқызылса, кедей болуға жақын тұрғандар саны бұдан екі есе көп екендігін айтады.
Халықаралық Хельсинки қауымдастығының атқарушы директоры Аарон Родес Орталық Азия елдерінде "соңғы 10 жылда адам құқығы бойынша ешқандай алға жылжу болмай, кері шегініс байқалғандығын" айтады.
Қазақстанда жұмыс сапарымен жүрген АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия мәселелері жөніндегі көмекшісінің орынбасары, елші Лаура Кеннеди ақпанның 5-і Алматыда Қазақстанның демократиялық күштері үйлестіру кеңесінің мүшелерімен кездесіп, әңгімелесті.
Тағы