«Қазақстан халық банкі» өзіне 2002 жылы кепілге қойылған «Алматы Пауэр Консолидейтед» кәсіпорыны мен «Қазақстан» және «Алматы» қонақ үйлерін аукцион арқылы сатпақшы. Қоғамда бұл нысандар тым арзан бағамен асығыс сатылғалы жатыр деген күдік айтылып отыр.
Бейсенбі күнгі басылымдар бұл жолғы сандарын халықаралық және коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдар және Қазақстандағы президент сайлауының мерзімі мен оған қатысуы мүмкін деген оппозиция өкілдеріне қатысты түрлі сот істерінің жүргізілуі секілді тақырыптарға арнапты.
Жастардың қалаған мамандықтары бойынша жұмысқа тұруына еңбек тәжірибелері жетпейді, ал ондай тәжірибесі бар азаматтардың, оның ішінде әсіресе, әйелдердің жұмысқа тұруы қиын.
Қазақстандық кейбір туристік фирмалар биылғы жаз маусымында Қырғызстандағы Ыстықкөлге барып, демаламын дейтін қазақстандықтардың саны өткен жылдармен салыстырғанда күрт кеміп отырғанын айтады. Мұның себебін мамандар көрші мемлекеттегі саяси жағдаймен байланыстырады.
Сәрсенбі күні жарық көрген басылымдарда Алматыда өтіп жатқан халықаралық бизнес-конференцияға назар аударылыпты. Сонымен қатар, Қазақстан астанасының 8 жылдығына арналған мақалалар жарық көрген екен.
Қазақстан білім және ғылым министрлігінің жанында жұмыс істейтін «Болашақ» халықаралық бағдарламасын үйлестіретін арнайы орталыққа бір күнде 400-ден астам өтініш түскен.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда өтіп жатқан халықаралық бизнес-конференцияда сөйлеген сөзінде Қазақстан қазір Дүниежүзілік сауда ұйымы мүшелерімен тұрақты түрде келіссөздер жүргізіп жатқанын айттты. Және президенттің сөзінше, бұл келіссөздер жақын уақыттарда аяқталуы мүмкін.
Астанада өткен ұлттық тест сынақтарынан кейін ата-аналар мен мектеп бітіруші түлектер апелляциялық комиссияға 100-ден астам шағым түсірген. Шағым берушілер апелляциялық комиссия көз алдау үшін ғана құрылған деген сын айтады.
АҚШ сенаторлары Джордж Буш әкімшілігін Солтүстік Кореяға байланысты көзқарасты өзгертуге шақырды.
Қазан айының 3-інде Түркияның Еуропа одағына мүше болу мәселелері бойынша келіссөздер өткелі отыр. Анкара өзінің одаққа мүше болуға жасап жатқан талпынысына Франция мен Голландияның одақ Конституциясын мақұлдамағаны әсер етпейді дейді.
Париж іргесінде халықаралық Ла Бурже авиа көрмесінде “Эйрбас” компаниясы соңғы үлгідегі жолаушы ұшағы – 555 орынды А380 әуе кемесін жұртшылыққа ұсынды. Жаңа ұшақ бүкіл әлемнің авиация өнеркәсібі саласындағы алдыңғы қатардағы әуе кемесіне айналады деген үміт бар.
Сәрсенбі күні Алматыда «Қазақстан инвестицияның жаңа толқынын тартуда; диверсификация және тұрақты өсім стратегиясы» атты халықаралық бизнес жиыны басталды. Бұл жиынға 50-ден астам елдің 400-ге жуық өкілдері, оның ішінде АҚШ дипломаты Ричард Холбрук пен Джордж Сорос қатысып отыр.
Тағы