Қырғызстандағы саяси жағдай Қазақстандағы бәсекелес саяси күштерге әрқилы әсер етті. Оппозиция "халқының талап-тілегін ескермей, демократия принциптерінен алшақтаған президент Ақаев билігінің қисынды құрдымға кетуі" десе, билікті қолдаушылар мұны "батыстың ісіне" балап отыр.