Германия сыртқы істер министрі Йошка Фишер иммигранттарға виза беру ісін әлсіретіп жіберді деген айыптауға байланысты дүйсенбі күні парламенттің арнайы комиссиясы алдында жауап берді.
Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстан - Еуропа Одағы, Орталық және Шығыс Еуропа, Орталық Азия елдері арасында жүрек-қан айналымы ауруларынан болатын өлім-жітім бойынша бірінші орында тұр.
Үш ғарышкері бар Ресейдің “Союз” кемесі Халықаралық ғарыш стансасынан жерге ойдағыдай қайтып оралып, дүйсенбі күні қазақ даласына қонды.
Атырау облысында шетел инвесторларының қатысуымен жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардағы еңбек заңдылығының орындалуын тексеру шаралары басталды.
Оңтүстік Қазақстан облысында, ресми мәлімет бойынша, қазір облыстағы 77 мың жұмыссыз адамның 35 пайызы жастар. Жыл сайын оқу орындарын тәмамдаған түлектердің жартысына жуығы жұмыссыз қалады екен.
Сейсенбідегі газеттерде осыдан 19 жыл бұрынғы Чернобыль атом апатын залалсыздандыруға қатысқан қазақстандықтардың қиын тағдыры туралы баяндалыпты. Қазақстан премьер-министрі Даниял Ахметов те сейсенбі күні жарық көрген басылымдардың негізгі кейіпкерлерінің біріне айналған екен.
Қазақстанда осыдан 10-12 жыл бұрын балабақшалар кәсіпкерлердің иелігіне өтіп, басқа мақсатқа пайдаланылып кеткен еді. Енді жергілікті атқарушы билік жекеменшікке өтіп кеткен балабақшаларды қайтарып алу жөнінде мәселе көтеріп отыр.
Халықаралық көші-қон ұйымы Қазақстанда еңбек миграциясы мәселесі әлі дұрыс жолға қойылмаған деген қорытынды жасады.
Қазақстандық оппозициялық басылым “Республика. Деловое обозрение” газетінің бас редакторы Ирина Петрушова Ресейде ұсталып, кейіннен бостандыққа жіберілді.
Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі мен адам құқығы жөніндегі ұлттық орталық туралы елдегі жастар онша көп білмейді.
Қазақстандық жас спортшылар Сауд Арабиясында өткен мұсылман елдері спортшыларының тұңғыш ойындарынан оралды. Олар 54 мемлекеттің өкілдері қатысқан додада спорттың 15 түрінен болған сайысқа 7 түрінен ғана қатысып, командалық есеп бойынша 3-ші орын алды.
1995 жылы сәуірдің 25-і күні Семей полигонынан Ресейге барлық стратегиялық және тактикалық ядролық қару шығарылған болатын. Ол қару АҚШ-қа беріліп, көзі жойылды деп хабарланды. Ал бүгінде кейбір саясаттанушылар бұл сол кездегі дұрыс қадам десе, келесілері бұл пікірмен келіспей отыр.
Тағы