Ғарышты зерттеу басталған жарты ғасырдан бері әуе кеңістігінде жерді айналып ұшып жүрген жарылған зымыран, металдардың, спутниктердің сынық бөлшектері "ғарыштық қалдық" деп аталады. Радар арқылы олардың ең үлкендерін ғана көруге болады, ал миллиондаған көрінбейтіндері астронавтар мен спутниктерге өзіндік қауіп-қатер төндіруі мүмкін.