Шымкенттегі № 66 орта мектеп оқушыларының арасында хиджаб кигендермен күресу ұзаққа созылғандай. Мектеп басшылығы жарты жылдан бері жергілікті билік пен діндарларды шақырып, насихат жұмыстарын жүргізіп келеді.
Шымкенттік 83 жастағы Игорь Саблин Жеңіс күні қалада өтетін мерекелік шараны тамашалап, өзге ардагерлермен жүздескісі келеді. Өздігінен жүріп-тұра алмайтын оған бар керегі – қоларба. Жергілікті билікке сөзін өткізе алмаған қартқа мектеп оқушылары көмекке келді.
Шығыс Қазақстан облысында Лайлы бөгеті бұзылып, Самар ауылын су шайып өткен. Су деңгейі бір метрге дейін көтеріліп, 200-ге жуық үйді су басып қалды. Қазір мал шығыны мен келтірілген зиянды есептейтін арнайы комиссия құрылды.
Жеңіс мерекесі қарсаңында Шымкентте жол бойында ілінген жарнамада соғыс ардагерлері тізерлеген күйінде бейнеленген. Журналистер назар аударғаннан кейін жоғалған бұл суреттен әкімшілік те, жарнама агенттігі де бойларын аулақ салуға тырысады.
«Ембімұнайгаз» жұмысшылары ресми кәсіподақ жұмысына да сенімсіздік танытып, тәуелсіз кәсіподақ құратындарын мәлімдеді. Сәуірдің 23-і күні өндірістік филиалдың Прорва кенішіндегі ресми жиналысына Азаттықтың тілшісі жасырын кіруге мәжбүр болды.
Атырауда «Кісі өлітірді» деген айып тағылып отырған жас жігіттің ісін қарап жатқан алқабилер таратылды. Іске төрағалық етіп отырған судья адвокат пен сотқа қатысудан бас тартқан алқа биіне қатысты жеке ұйғарым шығарып, облыстық прокуратураға тексеруге ұсынды.
Орал қалалық соты «Уральская неделя» газеті мен осы басылымның тілшісі Лұқпан Ахмедьяровқа «Тенгизнефтестрой» компаниясына моральдық тұрғыдан залал келтіргені үшін өтемақы ретінде 20 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге шешім шығарды.
Шымкент соты қаладағы бірқатар шағын аудандарда мұнай құбыры маңында тұрған үйлерді бұзу туралы шешім шығарды. Даулы жерде бірнеше жылдан бері тұрып жатқандар баспананы жергілікті биліктің рұқсатымен салғанын айтады.
«Қазмұнайгаз» компаниясының «Ембі- мұнайгаз» өндірістік филиалының жаңа жалақы жүйесіне көшу туралы ұсынысы жұмысшылардың наразылығын тудырып отыр.
Жастар ұйымы құрған қоғамдық комиссия Атырау университетіндегі парақорлық туралы түскен шағымға байланысты сауалнама жүргізе алмады. Ал ректор бұл мәселеге қатысты Азаттыққа арнайы сұхбат берді.
Кісі өлтірген деген айыппен Атырауда жауапқа тартылып жатқан адамның анасы облыстық сот ғимаратында күре тамырын қиюға әрекет жасады. Қазақ соттарынан әділеттік таба алмағандардың өз-өзіне қол жұмсап наразылық танытуы жиі кездесетін құбылысқа айналды.
Оралдағы дәрігерлік айықтырғыш қызметкерлерінің үстінен адамның денсаулығына залал келтірген деген айыппен қылмыстық іс ашылды. Тергеу орындары бұл істі айықтырғыштан шыққан соң мүгедек боп қалған Жұмабай Тамаевтың туыстарының арызы бойынша қозғаған.
Тағы