Халел Досмұхамедов атындағы Атырау унверситетіндегі парақорлық туралы үндеу хатта айтылғандарды университет басшылары жоққа шығарады. Астаналық жастар ұйымы шындықты сауалнама арқылы студенттердің өздерінен білгісі келеді.
Күн жылына салысымен оңтүстікте қырым қанды безгегіне шалдыққан 2 науқас тіркелді. Тұрғындар үшін хлорофос, солярка тіпті қытай қаламы да кенемен күрес құралына айналған.
Қарағанды облысында жыл басынан бері бұқаралық ақпарат құралдарының үстінен сотқа 7 арыз түскен. Арыздарда талап етілген қаражаттың жалпы сомасы 37 миллион теңгеден асып жығылған.
Қарағанды қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның мәдениет қайраткері Серік Ақсұңқарұлының «Азаттық, неткен ғажап ең!» атты шығармашылық кеші телефон терроршысының кесірінен өткізілмей қалды.
Қостанайда Ыбырай Алтынсариннің ескерткішін басқа жерге көшіру туралы биліктің жоспары кейбір тұрғындардың көңілінен шықпай отыр. Билік ол жерге прокуратураның жаңа ғимаратын салмақшы.
"Қазақстан -Қарағанды" телеарнасының бір топ журналисі мемлекеттік компанияның қаржы-бағдарламалық ұстанымына тексеру жүргізіп, ұжымдағы ахуалдың ақ-қарасын анықтауды сұрайды.
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік компаниясына қарасты мамандандырылған көлік басқармасының жүздеген көлік жүргізушілері жалақыны өсіруді талап етіп отыр.
Ақтөбеде мемлекеттің қорғауындағы куәгер қыз жұмбақ жағдайда қаза болды. Оны арнайы пәтерде күзеткендер сол күні мас болатын дейді оқыс оқиға болған үйдің тұрғындары. Полиция марқұм өз-өзіне қол салған деген болжам бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Ұзаққа созылған қыстан соң орталық Қазақстандағы бірқатар елдімекендеріне көктемгі қызыл судың астына қалу қаупі төніп тұр. Тиісті қызметтер қыстайғы қалың қардан еріген және өзен мұзының бетіне жайылған су қатерінің алдын алу жұмыстарын атқаруда.
Шымкенттегі бірнеше шағын ауданның тұрғындары ауыз суға зәру. Салына бастағанына 20 жыл болған бұл аудандарға жарықты жұрт өз күштерімен тартқызған. Тұрғындар жергілікті биліктің құрғақ уәдесінен шаршағанын айтса, билік мұндай жағдайға елдің өзі кінәлі дейді.
Оңтүстік Қазақстан облысының ең қарт тұрғыны Ұлбала Ақбайқызы биылғы желтоқсанда 113 жасқа толады. Ұлбала әжейдің балаларының алды 80-ге келген. Жалпы Қазығұрт ауданында бір ғасырдан астам ғұмыр кешіп отырған аналардың саны 17-ге жеткен.
Некесіз бала тапқан жас әйелдер қиын жағдайға тап болады. Олардың бірі жезөкшелікке салынып кетсе, екіншісі қайыр сұрап жүр. Үшіншісінің ата-анасы немерелерін асырап алғысы келгенімен, оны рәсімдеудің әуре-сарсаңы көп.