Қарағанды облысындағы Күзембаев атындағы шахтадағы забойлардың бірінде болған апаттан екі кенші мерт болды. Осы забойда болған тағы екі адам ауруханада жатыр. Заң орындары шахтадағы апатқа байланысты қылмыстық іс қозғады.
Әділет министрлігі Ақтаудағы қатаң тәртіптегі түрмеден қашқан 21 адамның 8-і ұсталды деп хабарлады. Ішкі істер министрлігі кемінде алты қашқынның атып өлтірілгенін айтып отыр. Әзірге бостандықта жүрген қалғандарына іздеу жарияланды.
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясы жұмысшыларының ереуілі аяқталысымен олардың кейбірін кәсіпорын әкімшілігі сотқа берді. Компания басшылығы еңбекақыны көбейту туралы талаппен өткен ереуілді заңсыз және оны арандатушылардың ісі деп танып отыр.
Бейсенбі күні Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік шекара маңында Қазақстан шекара қызметінің сарбазы оқ атып, екі адамды жаралаған. Зардап шеккен әкелі-балалы Қазақстан азаматтары ауыл ауруханасына жеткізілген. Ресми орындар әзірге бұл оқиғаға қатысты ақпарат бермей отыр.
Талдықорғандағы Еламан деген қошқар сыбайлас жемқорлықпен күрестің ілігіне айналды. Қолдаушылары қоршаған қошқар Қазақстанды аралап, жолға шықты. Халық осы қойдың арқасында қоғамдағы жағымсыз қылықтан арыламыз деп үміттенеді.
Ақтөбе облысындағы Жаңажол кенішінде мұнайшылар ереуіл өткізді. Жұмысшылар өздері істейтін «Ақтөбемұнайгаз» компаниясы мен билік орындарына еңбекақыны көбейту туралы талап қойды.
Ерлан Төребеков Түркістан қаласынан әскер қатарына алынған соң 20 күн өткенде көз жұмды. Ата-анасы ұлдарының мәйітінен қанталаған дақтар көргенін айтады. Ал әскери бөлімдегілер сарбаз өз-өзіне қол жұмсап қаза болған дейді.
Мұнайшылардың жалақысы 25 пайызға өсіп, талап етілген коэффициенттер төленетін болды. Бірақ олар тәуелсіз кәсіподақ құру жұмысының жалғасып жатқанын айтады. Ал Прорва кенішінің мұнайшылары «Нұр Отан» партиясынан кешірім сұрауды талап етіп отыр.
Ақтөбе облысында ата-аналардың балаларын ауруға қарсы ектіруден бас тарту оқиғалары жиілеп кетті. Ата-аналар болса, вакциналардың сапасыздығын айтып, шағынады. Алайда мәселенің төркіні діни консерватизмде жатқаны байқалады.
Маусымның 3-і күні таңертең, Қарағанды облысы Долинка поселкесіндегі АК-159/6 түзету мекемесіндегі бес сотталушы қарындарын тіліп, ауруханаға түсті. Колония басшысы бұл төтенше жайтты растағанымен, мекеме ішіндегі жағдайдың жақсы екендігін айтады.
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ «Ембімұнайгаз» өндірістік филалы мұнайшылары наразылық ереуілінің маусымның 11- іне шегерілгенін хабарлады. Оған филиал директоры жолдаған жауап хат пен құқық қорғау орындары тарапынан болған ескерту себеп болған.
Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ дертіне шалдыққан алты сәби бірер жылдың ішінде әртүрлі себептермен жетімдер үйіне тапсырылған. Қоғамда оларға кемсіте қараудың жойылмай келе жатқандығы ата-ананың қамқорлығына зәру балалар үшін басты қиындықтардың біріне айналып отыр.
Тағы