Марқұмның туыстары денесі соққыдан көгерген Дмитрий Ракишевтің «аурудан қайтыс болғанына» сенбейді. Олар сот-медициналық сараптама жүргізуді талап етіп отыр
Маңғыстау облысының тұрғыны Каспий теңізінің жағасында итбалықтардың өлі денелері жатқанын хабарлады. Жергілікті экологтар олардың не себептен қырылғанын анықтауға енді кіріспек. Ал облыс басшылары жеңіс күнін тойлап жүр.
Алматы облысында болған жер сілкінісінен Маловодное мен Қазатком ауылдарындағы біраз үй адам тұруға жарамсыз болып қалды.
Доссор кентінің 500-ге жуық тұрғыны 5 мамыр күні Атыраудан Маңғыстауға қатынайтын жолаушылар пойызы мен жүк пойызын өткізбей қойды. Олар Доссорда тұрған 16 вагон күкіртті алып кетуді талап етті.
Бірнеше азамат жиналған ақшаға кәсіпорын ашып, техника сатып алған екен. Енді олар ауыл тұрғындарына ақылы қызмет көрсетіп отыр.
Облыс әкімдігі ғимаратының алдында аштық жарияламақ болған баспанасыз ұстаз бен оның жас балаларын полиция «арандатушы» ретінде көліке тиеп әкетті. Ал Азаттық тілшісінің қолын қайырып ғимараттан қумақшы болды.
Шахтинск қаласы әкімдігінің күзетшісі оппозициялық басылым тілшісін «қол жұмсады» деп айыптап отыр. Алайда тілші керісінше, күзетшінің өзіне қоқан-лоққы көрсеткендігін айтады.
Атырау қалалық соты облыстағы бизнесмен Шариполла Сайфуллинге заңсыз есірткі мен қару сақтады деген айып тағып, төрт жылға бас бостандығынан айырды.
Батыс Қазақстанда тасқын салдарынан бірнеше ауылды су басып, жүздеген отбасы басқа жерге көшірілді. Қариялар бұндай апаттың 54 жылдан бері болмағанын айтады.
Алматы облысындағы Қызылағаш ауылы әкімінің көмекшісі Дәулет Естебаевтың сүйегі кезектен тыс президент сайлауы күні – сәуірдің 3-інде табылды. Марқұм тасқыннан кейін салынған үйлерді жекешелендіру жұмысымен айналысқан екен.
Атырау облысындағы Сарықамыс ауылы 2005 жылы экологиялық жағынан қауіпті деп таратылған еді. Ауыл тұрғындарын қала типтес кент пен қалаға көшірді.
Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласының төңірегіндегі қоқыс алаңдары жылқы тебініне айналды. «Мал басы өскен сайын жайылым тарлық етіп барады, мұның соңы жер дауымен бітеді» дейді фермерлер.
Тағы