Сот шешімімен пәтерінен шығып қалған Үміт Нұртазина бір аптадан бері баспалдақта өмір сүріп жатыр. Сот орындаушылары бірнеше пәтері бар үлескерлердің бәрін шығару шешімін орындағандарын айтады.
Алматыда босанған әйелден ВИЧ инфекциясы табылды. Науқасқа қан құйған орталық донорлардың таза екенін айтса, инфекционист-дәрігер мұндай оқиғалардың жиілеп кеткеніне алаңдайды.
Наурыздың 15-сі мен 16-сы күндері Шымкент қаласында республикалық «Наурыз» айтысы өтті. 2004 жылдан бері тұрақты өтіп келе жатқан бұл айтыс биылғы жылы Төле бидің 350 және Абылай ханның 300 жылдықтарына арналды.
Қарағандыда «полицейлерге күш қолданды» деп айыпталған 16 жастағы Владимир Маурерге қатысты бесінші сот отырысы өтті. Ал оны «сабаған» полицейлер ісі әзірше сотқа жеткен жоқ.
Бүгін Ақтөбедегі тұрақты баспанасы жоқ азаматтарды әлеуметтік бейімдеу орталығында наурыз мейрамы өтті. Орталық тұрғыны мерекені өз үйінде атап өтуді арман қылады.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Harlem Shake биін билегені үшін оқудан шығарылған екі студенті қоғамдағы наразылық шараларынан соң сабақтарына оралды.
Балқаш көлінде жыланбас деген жыртқыш балықтың көбейгені байқалып отыр. Кей адамдар «бұл балық тез көбейеді, аса мешкей, көлдегі балықтарды жеп тауысады» деп алаңдайды.
Азаттық радиосының құрылғанына 60 жыл толуына орай ақпан айының басында видео-байқау жарияланған еді. Байқауға сюжеттер қабылдау мерзімі сәуірдің 21-іне дейін созылды.
17 жылда мыңға тарта төбет өсіргенін айтқан Жақып Есболаев «мақсатым - құрып бара жатқан тұқымды сақтап қалу, баю емес» дейді.
Қазақтілді қолданушыға орысша жауап берді деп сипатталған "Қазпошта" қызметкерінің басы "дауға қалды".
Тағы