АҚШ-тың халықаралық діни бостандық бойынша комиссиясы Қазақстандағы "репрессивтік заңдарды" сынайды. Ал Қазақстанның дін істері агенттігі "қоғамдық қауіпсіздікті қорғау" туралы уәж айтады.
Мемлекеттік орган басшыларының блогтары шағым жәшіктеріне ұқсап кеткенін оларды қадағалайтын қызметкерлер де мойындайды. Шағым иелеріне жауап кеш беріледі, немесе мүлде жауапсыз қалады.
Қорғаныс министрлігінің зейнеткері бір жарым жыл бойы зейнетақысын ала алмай жүргеніне жұмыс берушіні кінәлайды. Бұрынғы басшылық бұл жағдай жөнінде түсінік беруге құлықсыз.
Өткен аптаның соңында Voxpopuli.kz журналы Қарағандыда бір жыныстылардың үйлену тойы болды деп хабарлады. Бұл министрге жұмыртқа лақтыруымен қатар әлеуметтік желілерде қызу талқыланған тақырыптардың біріне айналды.
Алматы жұртымен кездесуге келген министр Әбденовке белсенді Цукановтың жұмыртқа лақтыруы бірнеше сағат ішінде әлеуметтік желілерде ең көп талқыланған тақырыптың біріне айналып шыға келді.
Құрылыс шығыны қайтпаған соң, сот шешімі бойынша екі мешіт ғимаратын иелігіне алған кәсіпкер оларды сату үшін клиент іздеп жүр. Ал дін қызметкерлері "мешіт сатуға болмайды" дейді.
Бостон жарылысына қатысты ұсталған екі қазақ студенттің бірінің әкесі "олардың куәгер ретінде сұралғандарын" айтты. СІМ олардың иммиграциялық абақтыда екенін мәлімдеді.
Ақпараттық технологияның даму рейтингісінде Қазақстан 144 ел ішінде 43-орын алды. Тұрғындарының телефон саны жағынан алға шықса, инновация бойынша төменгі орында тұр.
Тұқым себуге дайындалып жатқан ақтөбелік шаруалар өнімнің жылда аз болатынын ауа райы мен құнарсыз жерден көреді. Ал басқарма бастығы оның себебін «алаңсыз отыратын» шаруалардан іздейді.
Саясаткердің аккаунтындағы ақпарат өзгертіліп, өзі басқаратын партияның орнына мемлекеттік қызмет атауы жазылған. Кейбір бақылаушылар бұдан саяси астар іздейді.
Атырауда салынғалы отырған алғашқы интеграцияланған газ-химиялық кешені құрылысын талқылаған қоғам өкілдері «жоба талапқа сай емес» дейді.
Жаңаөзендегі «Мұнайфилдсервис» компаниясының жұмысшылары әлеуметтік талаптары орындалмай отыр деп санайды. Ал басшылық кейбір талаптарды «ақылға қонымсыз» деп сипаттайды.
Тағы