Павлодар облысы әкімі резиденциясындағы зорлауға қатысты іс тараптардың бітімімен аяқталды. Енді әкім Бозымбаев ақша бопсалау ісі бойынша жәбірленуші деп аталған.
Азаттық тілшілерінің Қостанай облысындағы жүз мыңдаған киік қырылған өңірден жасаған арнайы репортажы.
Азаттық тілшілері Қостанай облысындағы Қабырға ауылы маңынан ересек бес киік пен бір лақтың өлексесін тапты. Жергілікті билік бұл маңдағы киік қырғыны тыйылғанын айтады.
Орал театрында исламның «дәстүрлі емес» ағымын ұстанушы, Сириядағы содырларымен байланысы бар жандар туралы спектакль койылды. Сценарий жергілікті биліктің тапсырысымен жазылған.
Қарағанды облысындағы сәуірдегі су тасқынынан зардап шеккен Нұра станциясы тұрғындары биліктің уәдесінен үміттенеді. Баспанасы бұзылатын жандар әзірше көрінген бұрышты паналап отыр.
Теміртау тұрғындары биліктен коммуналдық қызмет ақысын қымбаттатпауды сұрайды. Коммуналдық кәсіпорындар «шығын көп» деген уәж айтады. Билік екі жаққа ортақ шешім табуға уәде береді.
«Версия» газетінің журналистері зорлық туралы зерттеу жасаған соң қамалған бас редакторына адвокат іздестіріп, мәжіліс вице-спикері Дариға Назарбаеваға ашық хат жазып, қол жинап жатыр.
Өздеріне тиесілі егістік жерге жете алмай жүргенін айтқан тұрғындар бұл іске аудандық әкімшілікті айыпты көреді. Ал аудан әкімі «кім болса да, маған жұмыс істегені жақсы» дейді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылының тұрғыны Бақытжан Артықовтың қазасынан соң билік ауылдан әкеткен Зайнидин Нарметовтың отбасы үйіне қайтып оралғысы келеді.
Орталық Азияда билікті династиялық жолмен өз әулетіне табыстап кеткісі келетін билеушілер жетерлік. Соңғы он жылдықта бұл идеяның жемісті болған кезі сирек, дегенмен аймақ елердінде осы бағыттағы әрекет тоқтайтын емес.
Қарағанды облысындағы тасқыннан зардап шеккен Чкалово кенті тұрғындарының көбі сайлау қарсаңында үйлеріне оралды. Тұрғындардың кейбірі сайлауға барудан бас тартқан.
Шымкенттегі мүмкіндігі шектеулі жандар «екі қолға бір күрек табу оңай емес» екенін айтады. Ал ресми билік қаладағы ондай 19 мыңнан астам адамның небәрі 90-ға жуығы жұмыспен қамтылғанын хабарлады.
Тағы