Тұрғындары талып қала беретін Березовканың ахуалы деректі фильмге де арқау болды. Батыс Қазақстандағы бұл ауылдың халқы балаларының денсаулығы нашарлап бара жатқанын айтады.
Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың шығынын жергілікті комиссиялар анықтап жатыр. Билік өлген мал мен бүлінген үй мүлкінің құны өтелетінін хабарлады.
Тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жыл ішінде Орталық Азияның бес мемлекеті Ұлы Жібек жолын қалпына келтіру жайлы сөз қозғап келді. Оларға жолдың Иран арқылы өтетін бағыты кедергі болған еді.
Теміртауда ерекше көмекке мұқтаж балалар мен жастарға арналған тегін орталық қаржы тапшылығынан жұмысын тоқтатты. Орнына ақылы негізде басқа жоба іске қосылғанымен, оның да жабылып қалу қаупі бар.
Ел президенттігіне кандидаттар сайлауалды науқан қамымен аймақтарды аралап жүр. Баспасөз хабарына қарағанда, үш үміткер Қазақстанның қазіргі қиындықтарынан өзге проблемаларды қозғаған.
Жаңаөзендік ата-аналар екпеден соң оңалмаған балаларын шетелге қаратуға биліктен жәрдем талап етті. Жергілікті басшылар балалар денсаулығына алаңдайтын ештеме жоқ дейді.
Қырғызстан 2005 жылғы революцияның 10 жылдығын атап өтіп жатыр. Ал кезектен тыс президент сайлауына дайындалып жатқан көрші Қазақстанда бұл күн елеусіз өтті.
Жаңаөзен оқиғасына байланысты сотталған 13 адамның соңғы екеуі – бұрынғы мұнайшылар Нарын Жарылғасынов пен Қанат Жүсіпбаевты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сот шешімі шықты.
Еуразия экономикалық одағына мүшелікке өту «жол картасы» аясында Қырғызстанның кеден бекеттеріне арналған құрал-жабдықтарды сатып алу және орнатумен Ресей компаниясы айналысады.
Стамбулда Тәжікстанның оппозицияшыл "Группа 24" ұйымының жетекшісі Умарали Куватов қастандықтан қаза тапты
Калачи ауылының бұрынғы тұрғыны Александр Павлюченконың Ресейде тұрып жатқанына бір жылға таяды. Ол «ұйқы дерті» меңдеген ауылдан бар дүние-мүлкін тастап кетуге мәжбүр болғанын айтады.
Ресейде балалардың қолдарына қару макетін ұстап суретке түскен отан қорғаушылар күні шарасы әлеуметтік желіде қатты сыналды.
Тағы