Ерте қартаю дертіне шалдыққан атыраулық Нұржан Өркешбаев үйлену тойына дос-жарандарымен бірге өзін емдеген дәрігерлер мен ресейлік ток-шоу жүргізушісі Андрей Малаховты да шақырды.
Маусымда Қырғызстан түрмесінен қашқаны, ал шілденің басында Бішкектегі ұстау операциясы кезінде өзін жарып жібергені туралы хабарланған қазақстандықтың сүйегін туыстары алып қайтты.
Түркияда Сирияға өтпек болған бірнеше тәжікстандықтың ұсталғаны хабарланды. Тәжікстан елшілігі бұл жайында ресми расталмағанын айтады
Шымкенттегі кондитерлік дүкендер желісінің бірі қымыз және шұбат қосылған балмұздақ сатады. Оның дәмін бір рет татып көрген тұрғындар дүкенге қайта айналып соғатындарын айтады.
Түрмеде жарақат алған жігіттің өгей анасы биліктегілерге арыз айтқан соң бұл іске прокуратура араласты. Дегенмен, бұл қылмысқа қатысы бар адамдар жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін дейді ана.
Өзбек билігі тұрғындарды "дәстүрлі исламға жат діни ағымдардан", оның ішінде "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымынан қорғау" шарасын бастады.
Ақтау қаласының жетім балаларға арналған балалар ауылының 60 тәрбиеленушісі Бурабай шипажайындағы бес күндік демалыстан соң Астанаға келді. Төбелестен кейін оларды ауылға қайтарды.
Оңтүстіктегі бір мектептің 35 түлегі «Алтын белгі» алғанына сенбеушілер де бар. Ол мектептің оқушылары мен ұстаздарының сөзінше, бұл жетістіктің себебі қарапайым ғана.
Өзбекстан телеарналары соңғы күндері әйелдерді «интим-жиһадтан» абай болуға үндеп, дабыл қағып жатыр. Телеарна хабарларында соңғы кездері Сирияға жиһадқа аттанған әйелдер көбейгені айтылады.
Белсенділер «Қостанай облысында киік әлі де қырылып жатқанын» айтады. Ал ресми мекеме өкілдері «олар – бұған дейін өлген киіктер» екенін хабарлады.
Тәжікстанда жыл сайын Рамазан айында тамақ өнімдерінің қымбаттауы дәстүрге айналған. Бірақ биыл Душанбедегі базардың бірінде тауар бағасын 20-30 пайызға дейін арзандады.
Оңтүстік Қазақстан облысы Ынтымақ ауылының тұрғыны Бақытжан Артықовтың өліміне айыпты деп танылған Навмидин Нарметов 18 жылға сотталды.
Тағы