Теміртау қаласының тұрғыны алаяқтық бабымен айыпталған екі полицейді сотқа тартқызды. Судья тараптардың бітімге келуіне уақыт берді.
Талдықорған қаласындағы үйлердің тұрғындары коммуналдық проблемаларға қатысты шағымданып, қорғаныс министріне хат жазды. Өйткені, олардың үйлері қорғаныс министрлігіне қарайды.
Оңтүстік Қазақстан облысында мал өсіретін шаруалар ет пен сүт сатудан еш пайда көре алмай жатырмыз деп наразы. Шаруалардың сөзін қуаттаған жергілікті билік оның бірнеше себебі барын айтады.
Сепаратизмге шақырғаны үшін сотталған риддерлік блогер Игорь Сычев үкімге қатысты шағымданатынын мәлімдеді.
Өзбекстанда «төңкеріс жасамақ болды» деп айыпталып, 21 жыл түрмеде отырған саяси тұтқын Мурод Жураев бүгін бостандыққа шықты
2016 жылдан бастап жабылмақ телеарна қарайтын корпорация «қызметкерлерге жұмыс ұсынылады» дейді. Ал семейлік журналистер басқа қаладағы жұмысқа бара алмайтынын айтады.
Жуырда NASA ғарыш агенттігі Қостанай облысында табылған жұмбақ әрі көне топырақ үйінділерінің суреттерін жариялады. Олардың бірі түгелге жуық жойылып кеткен.
Жылқы дауынан өрбіген сотта Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің орынбасарына 2 миллион теңге айып төлетіп, мүлкін тәркілеу туралы үкім шықты.
Маңғыстаудағы «Емир Ойл» компаниясының мұнайшылары қызметкерлер мен жұмыс уақытын қысқартуға алаңдап отыр. Компания басшылығы бұл жайға қатысты түсініктеме бермейді.
Тараздағы «Нұр Отан» партиясы ғимараты алдында өзін-өзі өртеген Ерлан Бектібаевты Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылына апарып, жаназасын шығарды.
Маңғыстаулық мұнайшылар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан еңбек кодексін қабылдамауды сұрап хат жазды. Сенатор Бақтыбай Шелпеков мұнайшылардың талабын сенатқа жеткізгенін айтады.
«Интернетке байланып отыратыны» үшін жұмыстан алынған жедел жәрдем бөлімшесінің бұрынғы фельдшері қайта орналасуға тырысып жүр. Бірақ Марал Самабекова «орным біреуге керек болды» дейді.
Тағы