Дәрібаевтар отбасы Шымкенттегі бір бөлмелі пәтерде әлі уақытша тұрып жатыр. «Ана даңқы» ордені бар ана балаларының ауруға шалдыққанын үйсіздіктен көреді.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон өзіне «Ұлт көшбасшысы» мәртебесін беретін заңға қол қойды. Оның бұл әрекетін Тәжікстандағы кейбір белсенділер «демократияны мазақ ету» деп бағалады.
Шымкентте жалға берілетін пәтерлерден үмітті тұрғындар төрт күннен бері әкімдік алдында кезекте тұр. Билік тұрғындардың бұл әбігерін олардың өздерінен көреді.
Шекара белгілеу кезінде Қазақстан мен Өзбекстан арасында дау болған Бағыс тұрғындары «ауылдарының тозып бара жатқанын» айтады. Әкімдік өкілінің сөзінше, шекара әлі ратификацияланбаған.
Алматы облысы Қарабұлақ кентінде тұратын 70 жастағы зейнеткер әйел пәтерінің балконында билікке наразылығын білдірген соң жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болды. Оның балконына маска киген жас жігіттер шабуыл жасаған.
Жергілікті биліктің дерегінше, Шымкент қаласында пәтер кезегінде тұрған 20 мың тұрғынның 1145-сі – көпбалалы отбасы. Қалада үй алу кезегіне енді жеткендер – 1987-1990 жылдары тіркелген адамдар.
Армениядағы референдумда сайлаушылардың көбі биліктің президенттен парламентке өтуін қолдап дауыс берді. Бірақ референдум нәтижесіне дау айтушылар да бар.
Жаркентте жергілікті әуесқойлар театрына «халық театры» атағымен қоса берілген ақшалай сыйлықтың жоғалып кетуіне қатысты жайттар тексеріліп жатыр. Ақшаны бір айға жеткізбей қайтарып бергенімен, актерлер кінәлілерді жауапқа тартқысы келеді.
Байқоңырдағы жұмыссыз қалған азаматтар жұмыс табарына сенбейді. Ал жергілікті билік «оларға кәсіпкерлікпен айналысуы үшін несие береміз» дейді.
Бішкек Қырғызстан билігін шетелдік агенттер туралы заңды қабылдамауға шақырған Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының өкілі Мира Ритманды ел аумағына кіргізбей қойды.
Алаяқтық ісі бойынша жапа шеккендер соттың арзан туристік жолдама алып беруге уәде еткен адамға шығарған үкімімен келіспейді. Сотталған келіншек олардың шығынын қалай өтейтінін білмейді.
Тәжікстанда президентке ресми түрде "ұлт көшбасшысы" атағын беру ұсынысы заң жобасына айналып, парламентке жетті
Тағы