Transparency International (TI) халықаралық ұйымы Орталық Азия елдерінде 2012 жылдан бері коррупция деңгейін төмендетуде ешқандай маңызды өзгеріс жасалмағанын айтады.
Елдің оңтүстіктігінен солтүстігіне көшкісі келетін тұрғындар қоныс аударудың басты себебі ретінде жұмыссыздықты айтады. Жергілікті билік өкілдерінің сөзінше, бұл мәселенің демографиялық қыры да бар.
Пәкістанда "Талибан" содырларының университетке шабуылынан 20 адам қаза тауып, 50 адам жараланды.
Алматы облыстық қадағалау органы жылқышы Алшынбек Омаровтың туыстарының «Ақсу аудандық полиция бөлімінде оны азаптады» деген арызы бойынша тергеу амалдарын бастаған.
Шымкенттегі жиырма шақты отбасы «әкімдік рәсімдеп берген жерлерін жеке кәсіпкер даулап жатқанын» айтып наразылық танытты. Ал әкімдік бұл іс жөнінде тексеру бастағанын хабарлады.
Шымкенттегі сейсмикалық тұрғыда қауіпті деп танылған жатақхананың жөндеу жұмысы уәделі мерзімінде – 2015 жылдың соңында да аяқталмады. Билік «тұрғындар қаңтардың соңына дейін үйлеріне кіреді» деп сендіреді.
2013 жылы қаза тапқан шығысқазақстандық бизнесмен Григорий Тарасовтың әке-шешесі тергеу амалдарын қайта жаңғыртуды сұрап, президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жүгінбек.
Өскемендік гей жігіттің қазасы түрткі болған зерттеудің алдын ала қорытындысы Қазақстанда жыныстық азшылық өкілдеріне төзімділік таныту ахуалы нашар екенін аңғартады.
Алматы облысында жергілікті билікпен соттасуға мәжбүр болған кей кәсіпкерлер «қадағалау органдарының біліксіздігінен экономикалық ахуал нашарлап кетті» дейді.
Оразақтың оншақты тұрғыны селден құлаған үйлерінің есесіне сол ауылда жаңадан салып берген баспанадан бас тартқан. Жергілікті билік «тұрғындар жаңа үйді алмаса, басқа амалға көшетіндерін» айтады.
Шымкентте баспанадан қиындық көріп отырған көп балалы Дәрібаевтар отбасы жаңа жылды бес бөлмелі пәтерде қарсы алды.
Азаттық материалдарының кейіпкері, 2010 жылдан бері апатты жағдайда деп танылған үйде өмір сүрген көпбалалы ана Шолпан Сайымова Қызылорда қаласынан жаңа пәтер алды.
Тағы