Атыраулық белсенді Талғат Аян қоғамдық қызметін волонтерліктен бастаған дейді әріптестері. Қоғамдық ұйым құруды жоспарлаған белсенді "жер шеруіне" қатысқаннан кейін қылмыстық айыпқа ілініп, бес жылға сотталды.
Атыраудағы жер реформасына қарсылық шеруіне белсене қатысқан Макс Боқаевты билік 5 жылға түрмеге отырғызды. Тағылған айыптарды мойындаудан бас тартқан белсендіні құқық қорғаушылар ар-ождан тұтқыны деп таныды.
Павлодардағы «Жас ұрпақ» жасөспірімдер үйінің төрт түлегі өмірлеріндегі алғашқы қоныс тойын тойлады. Пәтерді аймақтағы ірі шаруа қожалығының басшысы сыйлаған. Баспана мемлекеттік мекеме балансында болады.
Балалары церебралды сал ауруына шалдыққан ата-аналар оңалту орталықтарының аз екенін, жолдама алу үшін жылдар бойы кезек күтіп, уақыт өткізіп алатындарын айтады. Билік өкілдері мұндай жағдайды сырқат балалардың көбейіп кетуімен түсіндіреді.
Ақтөбе гарнизонының әскери соты маусым айындағы қарулы шабуылға қатысты ұлттық гвардияның әскери бөлімінің екі майорының ісін қарай бастады.
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы маңындағы Теңге ауылында 2011 жылғы желтоқсанның 16-сы күні мұнайшылар наразылығын күшпен басу кезінде қаза болғандарды еске алу шарасына жүздеген адам жиналды.
Ақтөбедегі «арнайы операция» мұнай ұрлығына күдіктілерді ұстау мақсатында жүргізілген дейді билік. Ұлттық қауіпсіздік комитеті «қылмыскерлерді қорғауына алған әлдебір радикалдар» туралы мәлімдеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 11-12 жасар 59 балаға ВИЧ жұқтырғаны айтылған. Алда 102 балаға ВИЧ жұқтырғанын естірту және оларға қолдау көрсету жұмысы тұр. Мамандар арнайы жоба қажет екенін айтады.
Сотталушы азаматтық белсенді Макс Боқаевтың адвокаты мұнайгаз келісімшарттары мазмұнын халықтан құпия ұстаған билік белсендінің осы жайлы сыни пікірін оған қарсы айыпқа ілік етіп отыр дейді.
Шымкентте «целлофан жинап сатып күнелткен» көпбалалы отбасы Азаттық мақаласынан соң қайырымды жандар азық-түлік, киім-кешек әкеле бастағанын айтады. Билік отбасындағы балаларды мектепке қабылдауға уәде етті.
Үш ауысыммен оқитын мектептің оқушылары сыныпқа сыймайды, мұғалімдері күні бойы көшеде кезекші. Ал шенеунік "үш ауысымға өту қаупі жақсы мектептерге төнетінін" айтады.
Жұртқа шалт қылығымен танылған заңгер Евгений Танков бостандыққа шыққан соң бүкіл уақытын шығармашылыққа арнауды ұйғарған. Бірақ кейде соттарға да қатысуға уәде етеді.
Тағы